Білім беру жүйесіндегі педагогикалық мониторинг



бет1/3
Дата21.03.2023
өлшемі22,26 Kb.
#75662
  1   2   3

Білім беру жүйесіндегі педагогикалық мониторинг

Еліміздің егемендік алып, туымыз көкте желбіреген уақытта қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан модернизациялау мен ізгілендіру білім беру мекемелерін осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.


Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін жаңартуды талап етеді.
Мемлекеттік бағдарламада мынадай міндеттер қойылған: білім саласын дамытуды ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жүйе негізін қалау және білім беру ұйымдары мен ондағы оқу үдерістерін тиімді басқару үшін салалық ақпараттық жүйені құру.
Бұл бағдарламада жалпы білім беруде мониторингтік жүйені дамыту, білім сапасын бақылаудың және бағалаудың ұлттық моделін жетілдіру, бейінді білім беруді жаппай жүзеге асыру, 12 жылдық білім беруге көшу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылған.
Бағдарлама, бірінші кезекте, білім берудегі сапа менеджементі жүйесіндегі, педагогикалық мониторингті жетілдіре отырып, «барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу» талабын қояды. Мониторингтік зерттеулер – білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі бақылау, нәтижелерін өңдеп, талдау, ақпараттарды сақтау, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау және басқару тетіктерін жетілдірумен айналысатын болады.
Қазіргі уақытта тек мұғалім ғана емес, оқушы (студент, магистрант) да жоғары балл жинап, күнделікті материалды терең меңгергенде ғана сапалы білім алу мүмкін екендігін жақсы түсінеді. Осыған орай, бағдарламаның «Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі» тарауында 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет