Білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы дәріс 1: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізудегі қоғамның көзқарасының дамуы



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі45,53 Kb.
#16329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс



МОДУЛЬ 1. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫ


Дәріс 1: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізудегі қоғамның көзқарасының дамуы
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық көзқарасының дамуы

2. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мәселесі


Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.

«Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.

«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.

«Аяушылық білдіру» моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.

«Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті.

Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу» концепциясына негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген. Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:

1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар бала барлығына тән – дамуын ынталандыратын жағдайлар мен сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;

2. Бала қалыпты деңгейде өмір сүретін қоғамдық өмірге жақын болуы қажет;

3. Баланың тиімді дамуында үй ең қолайлы орта болып табылады. Сондықтан да жергілікті өкімет білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың отбасында болуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;

4. Барлық бала білім алады, демек дамуындағы ауытқушылықтың деңгейіне қарамастан, білім алуға мүмкіндік беріледі.

Мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамдық ортадан оңшаланудың негізгі себептерінің бірі - қалыпты деңгейдегі құрдастарымен қарым-қатынас жасауына уайымдап, өз балаларының әлеуметтік байланысын шектейтін ата-аналар болып табылады. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуына ата-аналардың бойында сенімсіздік туындайды. Мұндай жағдай да қоғамдық ұйымдар жалпы білім беру жүйесіне баланы енгізуге байланысты туындаған проблемаларды шешуде ата-аналарға көмек көрсете алады. Ең тиімді амал – бұл әртүрлі мамандар мен ұйымдардың күштерін біріктіру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамдық ортаға кіріктіруді дамытуда қоғамдық ұйымдардың да рөлі маңызды. Қоғамдық ортаға мүмкіндігі шектеулі балаларды жемісті кіріктіруде келесі шарттарды ерекшелеуге болады:



  • жалпы білім беру құрылымында білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларға өмір әрекетінің ерекше жағдайы мен арнайы білім беру қызметтерін құру және қаржылай қамтамасыз ету;

  • біріктіріп оқытуға қысым көрсетпеу, жалпы және арнайы білім беру жүйесі ұсынатын түзету және білім беру қызметтеріне кепілдік беретін құжаттардың негізінде дербес таңдауға еркіндік беру;

  • мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға және өзара әрекеттесуге, қарым-қатынас жасауға қоғам мен әлеуметтік орта адамдарының толыққанды дайын болуы.

Мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесінде білім алуының тиімділігін А.Льюисаның, Е.Андерсонның еңбектерінен көруге болады. А.Льюиса (1970) жүргізген зерттеу жұмыстарында жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныпта білім алатын зиятында ауытқушылығы бар балалардан гөрі арнайы мектептегі балалардың өздерін жақсы сезінеді, бірақ жарты жылдан кейін арнайы мектептің түлектері жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныбында оқыған балаларға қарағанда ұялшақ, жасқаншақ болатынын көрсеткен. Себебі арнайы мектептегі оқушы оңашаланған мекемеде білім алғандықтан, әлеуметтік ортадағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгермегендіктен әлеуметтік ортадан тысқары қалып қояды.

Демек, әр қоғам мүшесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруді қабылдауы мен мойындауы - бұл барлық қоғамды қайта тәрбиелеудің күрделі және ұзақ үрдісі. Инклюзия - дүниені танудың бір бөлігі болатын, ерте жастан жаңа ұрпақты тәрбиелеу. Оның негізгі мәні – мүмкіндігі шектеулі баланың өмір әрекеті мен еңбек қабілеттілігі қоғамның ережелері мен жағдайларына бейімделмейді, керісінше, дамуында ауытқуы бар баланың мүмкіндіктерін қоғам түсінетін және есепке алатын қоғамның қажетті талаптармен қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет