Көшпелі өркениет құндылықтары



бет1/28
Дата06.01.2022
өлшемі467,53 Kb.
#13430
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
сөж Бейсенбай Тоғжан



Есік гуманитарлық экономикалық колледжі



СӨЖ


Тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары

Орындаған: Бейсенбай Тоғжан

Қабылдаған: Солтанбек.М.Б

СӨЖ. Мына сұрақтар туралы мәлімет тауып, тезис жазамыз.


  1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи-ғарыштық негіздері.

 Қазақ халқы мөдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. Алайда мәдени кеңістік тек бос қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасымен іштей бірігіп, оның дүниетанымы арқылы көрініс табады. Бұл жерде көне философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімдігі, гармониясы туралы идеяның танымдық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем мәдениеттің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымы қандай? Ол қалай пайда болды? — сияқты сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік. «Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, — деп жазады М. Орынбеков, — олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты».[1]

Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі, ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады. Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі «Гильгамеш туралы жырдан» келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номада ең алдымен үлкен шеңбер — көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін емес. Ол — тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы жүлдыздарының орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынанан аспанды жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған.[2]



Түрік халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздардың, ертегілердің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей ж.т.б. деп бекер атамаған. Бұл мәдениетті солярийлік (күндік) деп атауға негіз жеткілікті. Археологиялық және этнологиялық деректер Күн және Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы, Саймалы-Таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған солярийлер (күн тәрізділер) Ирандағы Бехистун жартасындағы Ахура-Мазда мен Митраның кескіндеріне ұқсас. Шумер өркениетінен бастап азиялық мәдениеттерге тән тағы бір бейне басы жұлдызды аспанға ұқсас антропоморфтық бейнелер екендігі ғылымға белгілі. Арыс өзенінің бойындағы Алтынтөбеде көптеген «алтынбастылардың» кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы — Көк Тәңірінің негізі болды. Ерте заманнан бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Күнбасты адамдарды бейнелегенде олардың рәміздік мазмұны алдыңғы қатарға шығады:

  1. күн тіршіліктің бастауы;

  2. көшпелілердің киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда ол сәулесін шашқан күнге ұқсас (шаңырақ — күн, уықтары — сәулелер);

  3. арбаның дөңгелегі мен күннің арасындағы құрылымдық изоморфизм;

  4. көз және күн адам үшін маңызды, екеуін де шырақ деп атайды («шырағым» — деген сөз өте ыстық жақындықты білдіреді);

  5. адамдағы басты және терең сезім — «ыстық махаббат» деп аталады.

Бұл сипаттаманы ары қарай жалғастыра беруге болады. Қазақстанның елдік таңбасы — «Алтын адамның» бас киімінде нұрын шашып тұрған күн бейнеленеді.

Азиялық өркениетте Күнмен қатар қастерленген аспан шырағы Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып» —«өліара» келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми тілмен айтқанда циклон басым болады. Халықтық дүниетаным айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген.



Алайда, Айдың басты рәміздік ерекшелігі оның күн мен түннің арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенмен, Нұр (ізгілік, жылулық, сөуле) жеңілмейді. Аспанға Күннің ізбасары (дублері) Ай нұрланып көтеріледі. Жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы тартыс ғарыштық сипатқа ие болады. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, қазақтар айды құдай тұтқан. Бұл көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Қаратау тауларындағы жартастағы суреттер көзәйнек тәріздес қосылған жұп адамдарды бейнелеген. Осындай таңбалар ішкі Монғолиядан да табылған. Сондағы адамдардың бастары дөңгелектің бірінен сәуле шашып тұрса, екіншісі ондай емес. Бұл белгілі бинарлық оппозицияны (Күн және Ай) білдіреді. Ай мен Күнді қосып тұрған сызық адамдардың «қасиетті жолы» деп аталды. Күн мен Айдың қатарласуы әлемдік мәдениетте кең таралған идеяның бірі.

Мұсылмандық әлемде Ай діни таңбаға айналған. Бұл жерде ескеретін бір жайт бар. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрімен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын белгі болып табылады. Мұсылман зираттарына Ай белгісін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Ай әдемілік пен сұлулықтың үлгісі болып табылады. Қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік, арулық Аймен теңестіріледі: «Туған айдай толықсып, бұралып кетіп барады» (Қыз Жібек), «Жалғыз қызы Гүлбаршын — он бесте толған ай еді» (Алпамыс), «Жақсы Ай Күндей, жарығы әлемге бірдей» (мақал). Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде Кантты таң қалдырған жұлдызды аспанның алатын орны ерекше. Егер нұрланған Ғарыш Хаос (ретсіздік) пен Гармонияның (үйлесімдік) мәңгілік күресі нәтижесінде адамдықтың, ізгіліктің, тәртіптің ұтуы арқылы қалыптасса, онда осы тәртіптің (жұлдыздардың орналасу ретгілігі) бұзылуы үлкен бақытсыздықтың белгісі ретіңде есептелген. Тұрақтылық пен төртіптің таңбасы болған әрбір жұлдыз адам тағдырына тікелей қатысты. Аққан жұлдыз өшкен шаңырақпен, бұл дүниеден кеткен тұлғамен теңестірілген.



Әркімнің жұлдызы — бақытының көрсеткіші. Бұл жерде адам өмірінің шектілігін аңғарып қайғырудан, мәңгілікке қарай ұмтылыс мүмкіндігін жариялау басым тұр. Дәстүрлі мәдениет тұлғасы өлімнен қорықпаған. Оны ғарыштық күштердің өзіндік заңдылығы деп байсалды қабылдаған. Сонымен, кеңістік аясындағы мәдениет ғарыш пен дүниені жатсынбай, өзіндік ерекшеліктерін адамдық әлемге қоса білді. Макрокосмос пен микрокосмостың үйлесімдігі идеясы тек антикалық мәдени өңірмен шектелмеді. Көшпелілердің ғарышты игеру тәжрибесі адамзаттық рухани қозғалыстың терең бір арнасы болып табылады. Бұл мәдениеттің типтік негіздерін қарастырғанда, оның ғарыштық сипатын ескеру қажет. [5]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет