Білім берудің қазіргі кездегі парадигмалары



бет1/5
Дата16.10.2023
өлшемі2,2 Mb.
#116627
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ПВШ семинар-1

Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық
Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Орындаған: Жолбарсханқызы Р.
М059 Шетел филологиясы 2-курc

Жоспар:

Кіріспе

Құзыреттілік көзқарас бастапқыда лингвистикада пайда болып, кейін педагогика ғылымына көшіріліп әкелінді. Аталған көзқарастың пайда болуын американ тіл маманы Н.Хомский атымен байланыстырады. Ол құзыреттілік ұғымын алғаш рет тіл теориясына, трансформациялық грамматикаға қатысты қолданды. Оның айтуынша тілдік құзыреттілік тілді білу ғана емес, оны нақты өмірлік жағдаяттарда пайдалана алу, яғни құзыреттілік білімді меңгеру ғана емес, оны шынайы өмірлік жағдайларда қолдану қабілеттілігі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.


Оқытушының кәсіби құзіреттілігі - оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет