Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Өтпелі тақырып:«Ғажайыптар әлемінде»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Ақшақар
Мақсаты: Инновациялық технологияны қолдану арқылы сюжеттік аппликацияны бейнелеуге жаттықтыру. Қыс туралы түсініктерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету; қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.
Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім
Билингвалды компонент: Ақшақар-снегурочка-snowman
Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері
І.Мотивациялық-қозғаушы қызмет
-Балалар, шаттық шеңберін құрайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күніміз,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз тату дос болайық.
ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
- Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
-Аяз ата бізге не береді?
Билингвалды компонент: Ақшақар-снегурочка-snowman
Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?
Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
ІІІ. Рефлексиялық-түзетушілік
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.
Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды;
Жасай алады: дөңгелектерді қиып, жапсырып, аққала жасай алады;
Достарыңызбен бөлісу: |