Мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс «Алты Алаштың баласы бас қосса, Төр Мұғалімдікі»



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі19,53 Kb.
#118414
  1   2   3   4

Мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс
«Алты Алаштың баласы бас қосса, Төр – Мұғалімдікі»
М.Жұмабаев
Жер бетіндегі адамзат әлемінің жүрегінен үлкен орын алатын адам – мұғалім. Себебі, мынау ғаламды танытып, қолына қалам ұстатып, білім мен ілімді меңгерткен осы бір аяулы маман иелерінің еңбегі орасан зор деп ойлаймын.
Соңғы жылдарда мұғалімдерге деген тың көзқарастар пайда болып, ардақты жандардың өмірдегі орны айрықша айтылып жүр. Тіпті, «Мұғалім мәртебесі туралы заң» да қабылдадық. Дегенмен, осының бәрі мұғалім мәртебесіне деген жаңа бетбұрыс па, әлде?..
Менің ойымша, мұғалімнің еңбегіне деген жаңа пікірлер Рухани жаңғырумен бірге жаңғырып жатыр десем, артық емес. Бұрынғы мұғалім туралы кері көзқарастар мен қоғамдағы жат мінезден адамдар арылып келеді. Өйткені заманның өзі осы мамандық иелерінің қашан да керек екенін, онсыз болашақтың күңгірт болатынын дәлелдеп берді. Мұғалім мамандығының заман озып, жаһандану әлеміне енген сайын қажеттілігі артып келеді. Еліміздің алдына қойған үлкен стратегияларына жету үшін білімді, зияткер ұрпағы керек. Ал, осы ұрпаққа сапалы білім беріп, саналы тәртіпке үйрететін, адами құндылықтарды бойына сіңіретін мұғалім емес пе? Осыны түйсінген жұртшылықтың ұстазға деген құрметі артып келеді. Ол құрмет ұстаз мәртебесіне деген жаңа бетбұрысты көрсетіп тұр деп білемін.
Мұғалім мәртебесі – қоғамның мәртебесі деп ойлаймын. Мұғалім беделі көтерілу арқылы ұлттық құндылықтарымыз да артатынын терең түйсінеміз. Мұғалімге жасалған жағдайды ұлттық білімге жасалған жағдай деп қабылдауымыз керек. Егер де қоғамда ұстаздың міндеті айқын болып, оның құқығын қорғайтын болсақ, білім саласында құлдырау деген ешқашан да болмайды. Себебі, мұғалім тұтас ұлтты тәрбиелеп отыр. Ұлттың болашағының жарқын болуы, «Мәңгілік ел» болуымыздың кепілінің өзі мұғалімге байланысты екенін ұқтық. Осы орайда, мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс қоғамдағы адамдардың әрекеті мен пікірлерінен де байқалады. Әлеуметтік желілер мен түрлі парақшаларда ұстазға деген құрметін өлең мен әңгімесіне өрнектеп, алғыс айтып жатқандардың қатары да көбеюде. Мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс болмаса, Әлемдегі мыңға тарта мамандықтың да құны болмайтынын ұмытпауымыз керек деп білемін.
Қорыта келгенде, еліміз мәртебелі болуының басты шарты – ұстаздың мәртебесі мен абыройын асқақтатудан басталады демекпін. Еліміздегі барлық ұстаздар жасасын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет