Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады



бет1/18
Дата07.01.2022
өлшемі24 Kb.
#17053
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан.

Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.

Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды.

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.

Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.

Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет