Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер



бет1/5
Дата11.04.2023
өлшемі23,03 Kb.
#81499
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1. 29.03.2023 ж. Педагогика - дәріс


КҮНІ

29.03.2023 ж.

ПӘНІ

ПЕДАГОГИКА

ТОБЫ

20 ИМ-1

ТАҚЫРЫБЫ

Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер





Жоспары

  1. Сөздік әдістері. Сөздік әдісіне қойылатын талаптар.

  2. Әңгіме, түсіндіру әдісі.

  3. Әңгімелесу, оқу пікірталастары.

  4. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс.

  5. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістері. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары.

  6. Оқытуда қолданылатын тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.



1. Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс– сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.Ауызша баяндаудың бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша–жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек. В.А. Сухомлинский: “Сөз–ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..” –деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай -ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: “Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін–өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”.Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты әрекет жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет