Білімді болашақ



Дата10.12.2023
өлшемі14,37 Kb.
#136711

Эссе
Білімді болашақ
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе",-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбет емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор. Қазақстанның алдағы болашағы қандай болатыны көп жағдайда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты.
Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті тұлға білімдіжәне сонымен бірге міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет. Осы тұста жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін ғұлама ғалым, ойшыл, философ Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынған болатын. Бұл қағиданың қазіргі таңдағы өзектілігі зор. Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр. Қазіргі ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді. Осындай экономикаалық, кәсіпкерлік ортада табысты жұмыс істеп, жаңа мүмкіншіліктерді анықтап, инновациялық бизнес-идеяларды туындау үшін, әрине білімді, ақыл-ойыңыздың ширақтылығы, ақпараттарды жинақтау және талдау қабілеттерінің болғаны абзал. Жастарды білім және ғылым жолына салып, болашаққа бағдар беру, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық мықты мемлекеттер жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
Қорытындылай келе, білімділігімен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын - ойы озық жастар болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет