«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» 6 сынып Өткізген: Әуезханова С. Е



Дата21.11.2022
өлшемі384,93 Kb.
#51445

№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектеп


«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
6 - сынып

Өткізген: Әуезханова С.Е


2022-2023 оқу жылы

Бекітілді ___________


Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022 ж

Сынып жетекші:

Әуезханова Самал Ержанқызы

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Қазақстаным-мекенім»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.



Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман



Хор. «Көк тудың желбірегені»

презентация



Ортасы (20 мин)



Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Оқушылар өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.





Оқушылардың ойы тыңдалады



Компьютер

Соңы



- Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!



«Қазақстанның бүгіні мен ертеңі»

Қағаз
маркер


№ 244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің
тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында
6 «ә» сыныбында «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік
және отаншылдық» тақырыбында сынып сағатын өткізу
Анықтамасы

2022 жылдың 1 қыркүйегінде мектептегі тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында 6 «ә» сыныбында « Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» деген тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға білімге құштар болуға сонымен қатар тәрбиені қатар алып жүріп, бойына отанына деген махаббат пен еңбекке деген жақындықты көрсету болып табылды. Оқушыларды өз туған жеріне сүюге, адал қызмет ететіндей алтын ұрпақ болуға жетеледі.


Сынып сағатында балаларға сұрақтар қойылып, өз жауаптарымен тәнті ете білді. Бойында Отанға деген махаббат пен көзінде білімге деген құштарлығы жанып тұрған шәкірттердің аталған іс – шарадан алғандары көп деп сенім білдіреміз.
Шараның соңында оқушылар бір – біріне жаңа оқу жылына ыстық лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл – күймен аяқтады.





Анықтама беруші: С. Әуезханова
6 «ә» сынып жетекшісі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет