Биология кафедрасы



бет1/2
Дата02.12.2022
өлшемі30,09 Kb.
#54468
түріСабақ
  1   2

Ф-ӘД-001/046

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«6В015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалім даярлау» мамандығына арналған
BPLZhU 3329(4336) «Биология пәнінен лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру» пәні бойынша
1 Зертханалық сабақ
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері

Дайындағандар: доцент И.О. Аймбетова
Оқытушы Б.З.Умиров
Түркістан - 2022

1 Зертханалық сабақ тақырыбы: «Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері




Зертханалық сабақтың оқыту нәтижелері:
1 Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау жолдарын түсінеді.
2 Биология пәнінің мұғалімі зертханалық, практикалық сабақтарда зерттеу әрекеттерінің түрлі формаларын оқу процесінде көрсетеді.
3 биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің ерекшеліктерін анықтап, зерттеу дағдыларын қалыптастырады.


Зертханалық сабақ мазмұны:
Биология сабағының құрылымы. Өсімдіктану пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының мазмұны және құрылысы, оны оқыту әдістемелері. Адам және онын денсаулығы атты пәннің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері. Тіршіліктану пәнінің мазмұны мен кұрылымын және түсіндіру әдістері. Биология пәнінен зертханалық сабақтарға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар – оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, оқушылардың ойын дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқушыны өз бетімен жұмыстандыру идеясы сонау ерте заманнан-ақ Аристотель, Сократ, Платон сияқты философтардың еңбектерімен талданған. Ары қарай дамуына Я.А. Коменский, В.Г. Белинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде жалғасын тапты. Өз бетімен жұмыс түрлерінің бірі – зертханалық, практикалық жұмыстар.
Зертханалық сабақ пен практикалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық және практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.
Практикалық (сарамандық) жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушыларға теориялық білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Бұл сабақтар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады.
Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін ғана кірісе алады. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.
Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары практикалық және зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады. Практикалық жұмыс мектеп шеберханаларында, оқу тәжірибе учаскілерінде өткізіледі. Ал, зертханалық сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі.
Оқу-тәжірибе учаскісінде оқушылар өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізіледі, одан алынған мәліметтерді күнделікке жазып отырады. Тәжірибе жұмысы аяқталғаннан кейін күделікті биология кабинетіне тапсырады. Күнделік мәліметтері ботаника сабақтарында пайдаланады. Оқушылар практикалық жұмыстарды толық қамтылған ресурстық орталықтың базасындағы арнайы зертханалық сыныптарда немесе компьютер арқылы виртуалды зертханаларда түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәселен, өсімдіктердің көбеюі, тозаңдануы және т.б.
Мұғалімнің биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудегі әдістері өзгермейтін, статистикалық емес. Оқу материалының мазмұнына оқушының жас ерекшелігіне сәйкес бір әдістің өзіне оның түрлері әртүрлі дәрежеде күрделенеді.
В.Ф. Шаталовтың ұсынған әдістемелік үрдісінде «тірек-сызба белгілерін» биология сабақтарында қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр. Бұл оқытудың көрнекілік принципін қолдану болып есептеледі. Тірек-сызба белгілерде сабақтың мазмұны түйінді, жинақы беріледі. Тірек - сызбаның оқушыға тиімділігі мынада:
1. Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.
2. Оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.
3. Тандап алған танымдық – білімдік түсініктерді бір - бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
4. Оқулықпен және басқа материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады;
5. Өзіндік деңгейін біледі және өзін - өзі бағалауды үйренеді.
Тірек - сызба белгілерді жаңа сабақты түсіндіруге, қорытуға, қайталауға пайдалануға болады.
Сонымен тірек - сызба белгілерін өсімдіктер дүниесінен бастап, жануарлар дүниеснің құрылысын қалыптастыру мақсатында жалғастыру жөн.
Жануарлар дүниесінің өзіне тән ерекшеліктерін қалыптастыруға тірек - сызба белгілердің мәні зор.
Көрнекілік әдісте де оқушылар білім алуында көрнекілікті құралдарды пайдалану біртіндеп күрделенеді. Мұғалім әдістерді пайдаланғанда, оқушының ойын дамыту және қандай қорытындыға келетінін алдынала білуге тиіс, бирақ қандай нәтиже шығатынын сездірмеу керек.
Зертханалық және практикалық сабақтардағы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – оқушылардың білімін өзінше өмірге пайдалана білуге жеткізу. Мектепті бітіргенде оқушы өз бетінше ойлауға, өз бетінше практикалық жұмысқа дайын болуы керек. Кезкелген жаратылыстану курсында бір сабақтың өзінде, сабақтың мазмұнының бөліктеріне қарай бірнеше әдістерді пайдалануға болады.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақты өткізуде пайдаланылатын көрнекіліктің мынандай түрлері бар:
1. Табиғи (натуралды) көрнекілік (табиғат объектісі тірі және препарат түріндегі тұлыптар, кеппе шөптер, ылғалды препараттар) келеді.
2. Бейнелеу түріндегі (таблица, схема, муляж, сурет). Техникалық бейнелеу (кино, компьютер, слайд, видео құралдары). Сондықтан да көрнекілік әдістің түріне мынадай демонстрациялаулар жатады: тәжірибелер; натуралды объектілер; бейнелеу құралдары.
Практикалық және зертханалық сабақтардың құндылығы сол оқу тәрбиелік маңызы ерекше, себебі жұмысты орындау барысындағы мақсатқа жету, міндетті шешу үшін оқушы өзінің алған теориялық білімін іске асырады, біліктілік механикалық түрде дамымай алған білімге сүйенеді. Сондықтанда бұл жағдайдағы практикалық, зертханалық жұмыс білімнің көзі болады.
Зертханалық, практикалық жұмыс алдында қойылған сұраққа, проблемаға, мақсатқа оқушылар жұмыстың нәтижесімен жауап беру керек. Дұрыс өткізілген зертханалық және практикалық сабақ оқушыларды біраз логикалық операцияларды жасауға мәжбүр етеді: ұқсастық және айырмашылықты, классификациялауды, қорытынды, жинақтап шолу, ой тұжырымын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет