Биология пәнінен piza тапсырмалары 2 нұсқа Ядро



бет1/4
Дата24.11.2023
өлшемі362,14 Kb.
#125565
  1   2   3   4
Байланысты:
2 нұсқа Биология


Биология пәнінен PIZA тапсырмалары
2 нұсқа


Ядро
Ядро – шар тәрізді, диаметрі 3-10 мкм келетін денешік. Ядро Цитоплазмадан екі мембраналық қабықша арқылы бөлінеді, қос мембрана арасында перинуклеарлық кеңістік болады, ол жартылай сұйықтық заттар толтырылған жіңішке саңылау (15-40 нм). Мембраналар кейбір жерлерінде бір-бірімен тұтасып саңылау түзеді, ол арқылы ядро цитоплазма арасында зат алмасу жүреді.
Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған және олар түйіршікті ЭПТ мембранасымен байланысып, біртұтас өзектер жүйесін түзеді. Ішкі мембрана тегіс, оның астында аралық филаменттерден тұратын кариоқаңқа бөлігі – ядро ламинасы болады.

1-сұрақ. Суреттегі 5 және 4 санымен берілген органоидты тауып, оған сипаттама беріңіз.


2-сұрақ. Ядро пішінін сақтап, хроматиндердің ретпен орналауын қамтамасыз ететін бөлігі
А) ядро ламинасы
В) ядрошық
С) хроматин
Д) кариоплазма
Е) Хромосома


3-сұрақ. Органоидтар мен олардың атқаратын қызметтерінің сәйкестігін тап.





Органоидтар

-

Атқаратын қызметтері

1

Ядрошық

А

Интерфазалық жасушалардағы генетикалық материалдың тіршілік формасы

2

Ядро

В

Нақты түрге тән метафазалық хромосомалар белгілерінің жиынтығы

3

Хроматин

С

Ядро шырынына еніп жатқан дөңгелек тығыз денешік

4

Кариотип

Д

Ядро пішінін сақтауға хроматиндердің ретпен орналасуына қатысады

5

Ядро ламинасы

Е

Жасушаның көбеюіне қатысатын қос мембраналы органоид



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет