Ядро Ядро – шар тәрізді, диаметрі 3-10 мкм келетін денешік. Ядро Цитоплазмадан екі мембраналық қабықша арқылы бөлінеді, қос мембрана арасында перинуклеарлық кеңістік болады, ол жартылай сұйықтық заттар толтырылған жіңішке саңылау (15-40 нм). Мембраналар кейбір жерлерінде бір-бірімен тұтасып саңылау түзеді, ол арқылы ядро цитоплазма арасында зат алмасу жүреді.
Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған және олар түйіршікті ЭПТ мембранасымен байланысып, біртұтас өзектер жүйесін түзеді. Ішкі мембрана тегіс, оның астында аралық филаменттерден тұратын кариоқаңқа бөлігі – ядро ламинасы болады.