Бір кезде «нас» деген иісі жұпар ағаш болыпты. Сол насты жұрт иіскейді екен. Насыбай о баста содан шыққан … Міне, осындай аңыз бар. Иә, ол аңыз. Шындық басқаша



Дата17.01.2023
өлшемі15,95 Kb.
#61676

Насыбай темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасалатын ащы, күшті иісті зат. Насыбайды құмарлық үшін атады. Саптыаяқ (үккіш) темекі жапырағын әбден ұнтақтап, арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосып, оған су сеуіп әзірлейді. Оның бұйра Н. деген түрі де болады. Бұйра Насыбайды ұнтақтап, су сепкен соң тесік қалбырдан өткізеді. Оны көбінесе астыңғы ерінге кейде тілдің астына салады. Оны атпай, тек иіскеу үшін пайдаланатындар да бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында Насыбай әшекейленіп жасалынған мүйіз шақшаға, құтыға салынған. Насыбайдың денсаулыққа зияны көп.[1]

Шығу тарихы: Бір кезде «нас» деген иісі жұпар ағаш болыпты. Сол насты жұрт иіскейді екен. Насыбай о баста содан шыққан … Міне, осындай аңыз бар. Иә, ол аңыз. Шындық басқаша.

Арман жар

Қолаң қара шашы бар, ашаң жүзді,


Қыр мұрын, қиылған қас, қара көзді,
Толықша, сұңғақ бойлы, алма мойын,
Тиісті жауап бере майда сөзді.

Кең иық, әм кеуделі, құмырсқа бел,


Сипатты, салтанатты көргенде ел,
Ақ тамақ, оймақ ауыз, ауыр мінез,
Көз салмас көрінгенге көңілі ер.

Жырқылдақ, әсіреңкі, сылаң емес,


Ұн бетті, бояу ерін, қылаң емес,
Қылығы оларсыз-ақ жарасып тұр,
Ойыңа ой қосады берсе кеңес.

Жарасқан барлық кейпі денесіне,


Кім болмас риза туған енесіне.
Дәл соны жанға балап жар етпесең
Күн көзі тірі жүріп көресің бе?!

Кеудесінде керемет күш, намысы,


Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.
Қайырмасы:
Ер Бауыржан халықтың жүрегінде,
Ер Бауыржан халықтың тілегінде.
Ер Бауыржан тарихтың тірегінде,
Ер Бауыржан өлмейді бұл өмірде.
Түсірмек боп құлдық бұғау-қақпанға,
Елімізге ентелей жау шапқанда,
Қазағымның қаһарманы Бауыржан
Топты бастап, тас түйін боп аттанған.
Қайырмасы:
Бауыржанның асқақ айбар, ақылы,
Мадақтаған алыс пенен жақыны.
Жасай берер ғасырлардан ғасырға
Қазағымның қайталанбас батыры.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет