Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Міне, мынау - опасыз дүние, одан сақ болыңдар!»



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

«Міне, мынау - опасыз дүние, одан сақ болыңдар!» - деді.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) мал, мүлік пен жан-
ды Аллаһ жолында жомарттықпен жүмсау керектігі жайлы 
былай дейді:
«Адамға алтынға құл болатындай не болды? Үлкен ма-
хаббатпен  Хақ  жолында  жұмсамағаннан  кейін  інжу-мар-
жаннан не пайда? Алтынның алдында жылан сияқты бу-
ратылып,  жерде  аунау,  адамды  Аллаһтың  құзырына  құр 
алақан жіберетін бір жамандык, болмағанда не?!»
Демек,  адамның  қалаулары  (әуестіктері)  құбылаға 
айналғанда, адам өз әлсіздіктерінің табынушысына айнала-
ды. Негізгі ақиқаттары мен ішкі қабілеттерін жояды...
Өзін жыртқыш нәпсінің қолына берген адамның ақыры 
қандай аянышты! Тәни тұрғыдан өмір сүру үшін, басқаны 
ойлағысы  келмейді.  Ақиқатына  көз  жеткізетін  өлім  -  өзі 
үшін  бастырылу  (албасты)  сияқты  болады.  Өйткені,  өлім 
болашақ қайғысын тудырады.
Адамның  ең  үлкен  парасаттылығы  топырақ  жүмбағын 
шешумен басталады. Пікір, еңбек, көңіл топырақ астында 
көбелекке айналмайын-ша, Бұл қараңғы мекеннің сырына, 
байыбына, жақындығына жете алмайды.
Көкірегімізден  шыққан  әрбір  дем  жаназа  сияқты  біз-
ден  алыстағанын  көргенде,  қорқынышты  да  беймәлім 
болашақтың қараңғылығы ішімізге орнап:
«Кінәлі  адамдай,  болашаққа  қараған  сайын  дірілдей-
мін!»  -  зары  аузымыздан  шыққан  соңғы  сөзіміз  болса, 
емірдің мәні мен мағынасы не болар? Қабірдің шекарасынан 
аса  алмаған  бір  өмір  жолаушысының  жасанды  заттардың, 
нәпсінің әшекейлері мен уақытша көлеңкелердің құлы бо-
луы қандай өкінішті!
Өмір - бесік пен табыт арасындағы тар дәліз және сапар. 
Дүние өмірі - шексіз уақыт жолында бір сабынның кебігін-
дей ғана.
«Адамдардың  түсінігінде  пайда  болған  өмір  түсінігі 
не?»  -  деген  сұраққа  топырақтың  дымқылдығы  мен 

- 162 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
құлпытастардың қаттылығы нақты жауап бола алады. Бұл 
жағдайда нәпсіқұмарлық пен тән жолында өткен өмірден де 
ащы не болуы мүмкін?
Өлім мәселесі пайғамбарлардың жол сілтеуіне қарамастан 
сонау заманнан бері адамзатты көп мазалаған.
Санада улы жылан сияқты ирелеңдеп, кейбір кезде мой-
ын  ағаш  -  сияқты  батып  тұратын  осы  бір  қорқынышты 
сұрақты әр түрлі нәпсілік сөздермен жеңілдетпек болған.
Барлық адамды өмір тұрғысында одан да үстем және отты 
иірімдей құшақтайтын өлім - ешкімге ешбір айырмашылық 
жасамай басқа келетін ең ауыр болашақтың қорқынышты 
пәлекеті не рахметі. Дцамның санасы түсіне алмайтын бұл 
болашақтың түйінін шешу - нәпсінің кедергісінен құтылып, 
уахидің үніне құлақ түріп, пайғамбар мен әулиелердің көңіл 
атмосферасында болатын ғашықтық, ынта және рухани ша-
бытынан фәйіз бен нәсіп алумен мүмкін бола алады.
Хазіреті Мәуләнә былай дөйді:
«Ей, дәруіш! Сенің болмысыңда Мусада, Перғауында бар. 
Бұл екеуін де өзіңнен ізде».
«Уахидің жарығымен көзіңді ашқанда ғана сендегі Мүса 
сендегі Перғауыннан басым түседі!»
«Қашанға  дейін  дүниенің  соңынан  жүгіресің?  Бұл 
дүниенің көйлегі бір күні саған кебін боларын біл».
«Сабанның  қалдығы  сияқты  әрбір  желге  дірілдесең, 
тау  болсаң  да  айбыныңнан  айырыласың,  сабан  қалдығына 
түрмайтын боласың!»
Уа, Рабб! Біздерді қамқорың мен сыйыңа бөлеп нәпсінің 
кедергісінен  құгылып,  уахидің  үніне  құлақ  салғандардан 
ет! Салих жөне турашыл құлдарыңның рухани атмосфера-
сынан нәсіп алуға жеткіз!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 163 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
НӘПСІНІҢ ЖАРАТЫЛУ ХИКМЕТІ
«Егер мен сол кезде сенің ішкі-жан 
дүниеңдегілерден бір нәрсе айтқанда, 
суқаның ұшар еді, қорқыныштан құрып 
кетер едің. Мысықтың алдындағы тышқан 
сияқты халге түсер едің!»
Хазіреті Мәуләнә
Жеңістің  абыройы  -  оған  жету  үшін  бастан  кешірген 
қиыншылықтар мен пәк тебіреністердің нәтижесі.
Хазіреті  Адамның  зәлләні,  яғни  еріксіз  қателікті  істе-
уі,  оның  жәннаттан  дүниеге  жіберілуіне  себеп  болды.  Осы 
жаңа мекенде үрпағын көбейтіп, бірақ сынаққа емтиханға 
тап  болып,  кейбіреулерінің  лайық  болуының  нәтижесінде 
қайтадан  жәннатқа  оралуы  -  адамның  ахсәни  тақуим  (ең 
жоғарғы  мәртебе)  абыройына  қол  жеткізу  үшін.  Бірақ, 
осы  абырой  мен  мәннің  артуы  үшін  Аллаһ  Тағала  адамды 
«нәпсімен» безендірген. «Нәпсі» - қол жеткізетін нәтиженің 
абыройы мен мәнін арттыратын үлкен кедергі.
Адамдарды  лайықты  болу  арқылы  өз  ризашылығымен 
жәннатқа қайтуға міндеттейтін Аллаһ Тағала солардың ал-
дына  қойған  нәпсі  кедергісінен  құтылудың  мүмкіндіктері 
мен  дәнекерлерін  де  берген.  Бұлардың  ең  бастысы  - 
«пайғамбарлардың»  жіберілуі  және  олардың  адамзатқа 
қызметін  қияметке  дейін  жалғастыратын  әулие  мен 
«ғүлама» тізбегінің жалғасуын қамтамасыз ету.
Хазіреті Мәуләнә төмендегі хикаясында «нәпсінің жара-
тылу хикметін» бір мысал арқылы былай баяндайды:

- 164 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Атқа  мінген  әмірші  ағаштың  көлеңкесінде  ұйықтап 
жатқан адамның аузына бір қара жылан кіріп бара жатқанын 
көреді. Жыланды қуу үшін атын тебінсе де үлгермеді».
«Сонда әмірші ұйықтап жатқан адамды қорқынышты да 
өкінішті жағдайдан құтқармақ болып, барлық шеберлігі мен 
өнерін қолдана бастады».
«Адамды бар күшімен бірнеше рет қамшымен ұрды. Адам 
ауырғаннан  орнынан  атып  тұрып,  таяқ  жеген  әміршіден 
қорқып, қаша жөнелді».
«Әмірші адамның соңынан қалмай, оны бір алма ағаштың 
астында ұстап алды. Ағаштан түскен шіріген, иістенген ал-
маларды адамның тамағына тығып, оған күшпен жегізе ба-
стады. Бір жағынан:
«Ей,  ауру  бейшара,  бәрін  жейсің!  Бұл  қиыншылыққа 
төзесің -деді.
«Бейшара  адам  қорқыныштан,  түсінбей,  таңданып 
әміршіге:
«Ей, Әмірші! Мен саған не істедім? Маған не істемекшісің 
және Бұл зұлымдығыңның себебі не? Егер менің өмірімде сенің 
бұрыннан  дұшпандығың  бар  болса,  қылышпен  өлтіре  сал!  - 
деді.
Сені көрген сәтім қандай бақытсыз бір кез! Сенің түріңді 
көрмеген адамдар қандай бақытты! Күнәсіз, таза адамға Бұл 
зүлымдықгы  ең  үлкен  залымдар  да  жасамайды.  Бұл  сөздерді 
айтқан кезде де аузымнан қан ағып тұрғанын көріп түрсың! 
Ант етейін, сендей мейірімсіз, ынсапсыз адамды көрген еме-
спін!
Ей,  Раббым,  Бұл  залымның  жазасын  тарттыр!  -  деп 
лағынет жаудырды».
«Бірақ әмірші Бұл сөздерден именген жоқ. Оның үстіне: 
«Мына жазыққа жүгір, қане!-деп қамшылай берді».
«Бейшара  адам  әміршіден  қорыққанынан  әрі  қамшы 
батқандықтан желдей есіп, жүгіре бастады. Кейде бір жер-
ге токтаса қамшы жеп кайта түрып жүгірді. Бейшараның 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 165 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
асқазаны шіріген алмаға толып, қамшыдан бет-аузы кдн 
жоса болған еді».
«Осыған қарамастан әмірші оны еш дамылдатпай, үзақ 
уақыт жүгіртті. Бейшараның шаршағаннан аяқ басатын-
дай шамасы қалмады.
Жағдайы нашарлап, артық шыдай алмай, жұмыршағы 
көтеріліп, құса бастады».
«Әрбір  жеген  нәрсесі  қиыншылықпен  аузынан  шықты. 
Ақыры,  шіріген  алмалармен  бірге  ішіндегі  қара  жылан  да 
сыртқа шықты».
«Осы  сәтте  таң  -  тамаша  болған  адам  асқазанынан 
шыққан  жыланның  түрінен  қатты  қорықты.  Дереу  әлгі 
салих әміршінің алында тізе бүгіп, былай деді:
«Расында  сен  Жәбірейілдің  рахметі  сияқты  келген 
екенсің! Менің қамқоршым екенсің!»
«Сені көрген кезім қандзй мүбәрәк кез! Сен болмағанда, 
мен  баяғыда  аянышты  түрде  өлген  болар  едім.  Сен  маған 
өмір сыйладың».
«Сенің  түріңді  көрген  немесе  сенің  қасыңа  келгендер 
қандай бақытты!»
«Ей, пәк және мадаққа лайық қас құл! Надандығым мен 
ғапылдығым  маған  саған  қарсы  қандай  орынсыз  сөздерді 
айтқызды. Сол үшін мені кешір!»
«Егер Бұл халді аз да болса білсем, орынсыз сөздер айт-
пас едім. Сен науқасының шипасы үшін оған ащы дәрі берген 
керемет  хакім  сияқты  болғандығыңды  жасырдың.  Мұны 
маған  айтқаныңда,  мен  мақтар  едім.  Бірақ  сен  үндемей, 
одан  бетер  асқактап,  ештеме  айтпай  мені  ұра  бердің! 
Ақыры,  білместіктен  саған  не  айтпадым».  Мені  кешір; 
айтқандарымды надандығыма бер!»
Сонда әмірші:
«Егер мен сол кезде саған ішіңдегі туралы бір нәрсе айт-
сам, жүрегің жарылып, қорыққаныңнан өліп кетер едің».

- 166 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мысықтың  алдындағы  тышқан  сияқты  басылып, 
қасқырдың алдындағы қозы сияқты өліп кетер едің».
«Ол 
қара 
жыланның 
қорқынышын 
айтсам, 
қорыққаныңнан сол жерде-ақ күйзеліп кетер едің!»
«Егер сен ішіңдегі жыртқышты білгенде, алма жеуге де, 
жүгіруге де, құсып, сол қара жыланды шығаруға да шамаң 
жетпес еді».
«Мен сенен естіген жағымсыз сөздерге сабыр етіп, ішім-
нен:  «Уа,  Раббым!  Жыланның  шығуын  жеңілдет!  Мына 
бейшараны  құтқар!  -  деп  дұға  еттім.  Сен  маған  қатты 
сөздер айтсаңда, менің көңілімдегі иләһи мархабат сені сол 
халде қалдыруға разы болмады. Өйткені, менің жаратылы-
сым мархабаттың нәрімен суарылған» - деді.
«Бұл Аллаһ досының ақиқатын түсінген адам не айта-
рын білмей, былай деді
«Ей,  улы  адам!  Мына  әлсіз  адамның  саған  лайықты 
түрде рахмет айтуға шамасы жоқ! Сенің бұл ісіңнің сауа-
бын Аллаһ берсіні».
«Ариф адамдардың берген уы да жанға шипа, рухқа қорек 
боларын түсіндім».
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бы-
лай  деген:  «Іштеріңдегі  дүшпанды  айтатын  болсам, 
батырлардың жүрегі жарылып, шөлде де жүре алмайды, еш-
бір іс істей алмай, шарасыз бұратылар еді. Тәнде құлшылық 
етуге  күш,  жүректе  тағат,  сәйрү-сүлукке  шара  қалмас 
еді.  Олай  болса,  мен  сендерді  үнсіз,  іштөріңдегіні  сыртқа 
шығармай тәрбиелеймін».
Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  осын-
дай  болғаны  сияқты,  оның  ізбасарлары  болған  әулиелер 
де  осындай.  Олар  да  әрбір  білген  шындығын  алдындағы 
адамның  пайдасы  үшін  айтпай,  үнсіз  қалады.  Сонымен 
қатар,  алдындағы  адамдардың  жүрегіндегіні  жарыққа 
шығармайды, айыптарды жасырады. Сөзбен емес, кебінесе 
іс-әрекеттерімен тәрбиелейді. Әулиелер тегиірдей қатайған 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 167 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тастай жүрекгерге де руханиятқа қабілеті бар болса - Хазі-
реті Дәуіттің темірді жұмсартқанындай әсер етеді.
Әбу  Дәрда  Хазіреті  Шамда  қазы  болатын.  Бір  күні 
қаланы аралап жүріп, халықтың жаман ауыр сөздермен бір 
күнәһарды балағаттағанына куә болады. Олардан:
«Сендер  құдыққа  түскен  адамды  көрсеңдер,  не 
істейсіңдер?» - деп сұрайды.
Ол жердегілер:
«Жіп салып, құтқаруға тырысамыз!» - десті.
Сонда Әбу Дәрда Хазіреті:
«Олай болса, күнә құдығына түскен адамға неге мейірім 
көрсетпейсіңдер?  Оған  да  бақыттылық  жібін  салып,  ішіне 
түскен пәлекеттен құтқарсаңдаршы!» - деді.
Сонда біреуі:
«Аллаһ  Тағала  күнәһарларды  жәһәннаммен  қорқытып 
отырғанда осы күнәһарға дұшпандық сезінбейсіз бе?» - деп 
сұрады.
Расулұллаһтың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
тәрбиесінде ескен дана сахаба Бұл сұраққа былай деп, жа-
уап берді:
«Иә,  дұшпандық  сезімім  оянады,  бірақ  мен  оның  өзіне 
емес, істеген жаман істеріне дұшпанмын».
Хазіреті Мәуләнәның жаратушы үшін жаратылғандарға 
сүйіспеншілік,  махаббат  пен  мейірімнен  туындаған  сезім-
мен Раббысына жасаған мінәжаты қандай тамаша:
«Раббым!  Егер  сенің  мархабатыңды  тек  салихтар  ғана 
үміт етуі керек болса, күнәһарлар кімді паналайды?»
«Ей,  ұлы  Аллаһым!  Егер  сен  тек  қана  қас  құлдарыңды 
қабылдайтын  болсаң,  күнәһарлар  кімге  жалбарынады? 
(Әлбетте, сен, мейірімділердің ең мейірімдісісің!)»
Хазіреті  Мәуләнәның  хикаясында  айтылған  ұйыктап 
жатқан адам - ол ғапыл адам. Аузына кірген қара жылан 

- 168 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
болса  -  нәпсі  әммара.  Әмірші  болса  -  кәміл  мүршид.  Оны 
ұйыктап  жатқанда  қамшымен  ұра-ұра  оятып,  жазықга 
жүгіртуі,  риязат  (нәпсі  тәрбиесі)  пен  күрес.  Жыланның 
шығуы - нәпсі әммарадан кұтылу.
Қасиетті  Тува  ойпатында  Аллаһ  Тағала  Мұсамен 
(аләйһиссәләм) сөйлескенде одан:
«Оң қолыңдағы нәрсе не?» - деп сұрайды. Ол:
«Ол менің таяғым. Оған сүйенемін, онымен қойларыма 
жапырақ түсіремін. Ол басқа жақтардан да маған қажет» 
- (Таһа, 18) деп жауап береді.
Сонда Аллаһ Тағала:
«Оны жерге таста, ей, Мұса!» - (Таһа, 19) деп бүйырды.
Кейбір тәпсіршілер ишари мағынада Бұл аят кәримәнің 
Хазіреті Мүсаның жан дүниесімен байланысты жол керсету 
бабында екендігін айтқан.
Мұса  (аләйһиссәләм)  фәни  байланыстарды  айтқан  кез-
де  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  бұларды  тастауды  әмір  етіп, 
бұйырды.  Нәпсі  мен  нәпсіге  байланған  нәрселер  үлкен 
жылан  болып  көрінді.  Хазіреті  Мұсаға  нәпсінің  ақиқаты 
көрсетілді. Қорқып, одан қашты. Оған:
«Ей, Мұса, міне, бұл жылан Аллаһтан басқа нәрселерге 
байланудың  нағыз  өзі.  Бұл  сипаттүрге  ендіріліп,  иесіне 
көрсетілсе, одан қашады,» - делінді.
Басқа бір ишараттық мағынада �
ك� َ�َ� ِ�ْ�َا َو
 «Таяғыңды 
таста!» деп әмір етілуі.
«Сен  болсаң,  тәухид  сипатына  иесің.  Сенің  бұл  таяққа 
сүйенуің, оның сен үшін сүйенетін, одан жәрдем сұрайтын 
және пайдаланатын нәрсе болуы, қалай дүрыс және орынды 
болады!? Сен қалайша ол таяқпен былай істеймін, оны пайда-
ланамын және оның маған басқаша да пайдасы бар дейсің!? 
Тәухид жолындағы алғашқы қадам себептерді тәркі етіп, әр 
түрлі талап, тілектен бас тарт!» - түрінде түсіндіріледі.
Сондай-ақ Тә'уиләті Нәжмияда былай делінген:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 169 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Хақ  Тағаланың  үнін  естіп,  Оның  дидарының  нұрын 
көрген  адам  Аллаһтан  басқа  сүйенген  нәрселерінің  бәрін 
тастайды. Аллаһтың сыйы мен мейірімінен басқа ештемеге 
сүйенбейді. Нәпсінің қүмарлықтарынан тазарады».
Юсуф  (аләйһиссәләм)  Зүлейханың  азғырындысына 
ұшыраған  кезде,  онда  еріксіз  бір  пиғыл  оянады.  Сол  сәтте 
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) Хазіреті Юсуфқа дәлелін көрсетеді. 
Белменіңтөбесіжарылады. Караса, Хазіреті Яқуб саусағын 
тістеп  түр.  Және  қасында  тағы  бір  адам  пайда  болады.  Ол 
адам:
«Ей, Юсуф, оң жаққа қара!» - деді.
Юсуф  (аләйһиссәләм)  оң  жағына  қараса,  бір  үлкен  жы-
ланды көреді.
Хазіреті Юсуфқа заттың ақиқаты, нәпсінің істерінің шы-
найы бейнесі көрсетілген еді. Нәпсінің істері ең жағымсыз 
түрде бейнелендірілді. Ортадағы перделер ашылып, Раббтың 
иләһи көріністері мен заттың сырлары аян (белгілі) болған 
еді.
Рабтың  дәлелі,  яғни  иләһи  жәрдем  келген  соң  Юсуф 
(аләйһиссәләм)  нәпсі  мен  әйелдің  жаманшылығынан 
құтылады.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бы-
лай дейді:
«Жәннат нәпсі сүймейтін нәрселермен, жәһәннам болса, 
әуесқойлықтармен қоршалған».
Нәпсі  кедергісінен  құтылу,  пайғамбарлар  мен  үзілмей 
жалғасқан пайғамбар мирасшылары - әулиелердің қолынан 
ұстау,  оларға  бағыну  және  олардың  тәрбиелеріне  кіру 
арқылы мүмкін болады. Сондай-ақ Құран Кәрімде:
ْ�ِ��ِ�ْ�َا َقْ�َ� ِ�ا ُ�َ�
«Аллаһтың қолы олардың қолдарының үстінде,» (Фәтх, 
10)  аят  кәримәсындағы  «олардың  қолы»  дегені,  Аллаһқа 
бағынған Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

- 170 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен сахабаларының қолдары. Сол сияқты әулиелерде, тіпті 
әлсіз бір дәруіште де қолдан-қолға Расулұллаһқа (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) және сол арқылы Аллаһқа Бәй'ат (бағыну) 
бар.  Осылайша  сол  қолдардың  үстінде  Аллаһ  Тағаланың 
құдіретті қолы болады. Олай болса, Аллаһтың құдірет қолы 
мен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
келісіміне  қол  жеткізген  кәмілдер  де  көп  іс  атқара  алады. 
Істердің нағыз атқарушысы - Аллаһ Тағала. Әулиелер - бұл 
атқарушылыққа лайық болған адамдар.
Ғашықтықтың  да  шынайысы  және  жасандысы  бола-
ды.  Шынайысы  -  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  сүйіспеншілігі. 
Жасандысы  болса,  бір  мақлүққа  байлану.  Ғашықтық  бір 
ғана  жаратылысқа  байланғандықтан,  басқа  байланыстар-
ды  үзеді.  Өйткені,  сүйіспеншіліктен  басқа  ештемені  ойла-
майды  да,  кермейді  де.  Мәжнүн  соңғы  кездерінде  досты, 
дүшпанды, өзін, тіпті Ләйләны да танымайтын халге жетті. 
Өзін Ләйләмын деп ойлай бастады.
Хазіреті Мәуләнә Бұл жайлы былай дейді:
«Аллаһ бір тән ғашықтығынан (яғни, Ләйләдан болып), 
Мәжнүнді дос пен душпанды ажырата алмайтындай хал-
ге жеткізген».
Пайғамбарға ғашық Фұзули де, мәшһүр «су қасидасыда» 
Расулұллаһты (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешбір гүлмен 
салыстыра алмай былай дейді:
«Sy
üa virsün bâğdân guzları zahmet çekmesün
Bir 
ğül açılmaz yüzün tek virse bin ğüzlâre su»
(Бағбан гүл бағын суару үшін босқа шаршамасын! Сірә, 
мың  дана  гүл  бағын  суғарса  да  (уа,  Расулаллаһ,  сонда  да) 
сенің жүзің сияқты ешбір гүл ашылмайды!..)
Хазіреті Мәуләнә, бұл махаббатты мынадай тілмен жет-
кізеді:
«Аллаһ  Тағала  бір  жұтым  иләһи  махаббатқа  ерекше 
бір  қасиет  бергені  соншалық,  одан  нәсіп  алған  адам  екі 
дүниенің уайымынан құтылады».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 171 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Яғни,  иләһи  махаббатқа  мас  болған  адам,  әлемге 
ашкөздікпен қараудан, халықтың айыптары мен кемшілік-
терін  көруден  құтылады.  Осылайша  кемелденеді.  Сейтіп, 
мақсатеткен  орнынажетеді.  Міне,  Бұл  да  таза  ғашықтық, 
иләһи махаббат.
Кәміл мүршид иләһи билікпен мүридтерін езіне байлап, 
оларды мәнсіз байланыстардан қүтқарып, пәк (жоғары) бай-
ланыстарын күшейтеді. Осылайша өзі иләһи ғашықтықтың 
баспалдағы болады.
Шәйх Сағди «Гүлістан» кітабында кәміл мүршидтің бұл 
ісін мына хикая арқылы түсіндіреді:
Бір  күні  моншада  достардың  бірі  маған  хош  иісті  бір 
тазартқыш топырақ берді. Топырақтан:
«Е, мүбәрәк, сен жүпарсың ба, әтірсің бе? Сенің көңілді 
тартарлық хош иісіңе мас болдым» - деп сұрадым.
Топырақ маған былай деп, жауап берді:
«Мен бір гүлдің топырағымын. Ол гүлдің жапырақтары 
таңғы  шықтарға  толып,  менің  үстіме  жылап,  тамшылай-
тын. Мен осы жасқа үн сияқты иленуші едім. Мен негізінде 
қарапайым бір топырақпын... Бұл иіс сонікі».
Аллаһ  Тағала  әлемді  адам  үшін  жаратты.  Қүрлықта, 
теңізде  және  әуедегі  барлық  нәрсені  адамның  әміріне 
үсынған. Осының есесіне таулар мен көктер көтере алмай-
тын иләһи аманатты адам мойнына алды.
Адам  өзі  мен  әлемге  ғибрат  назарымен  қараған  кезде, 
дүние өмірін қалай өткізетіндігін ойлауға міндетті. Нақты 
өмір  сүруі  қажет  әрбір  адамды  өмірде  ең  көп  мазалайтын 
шындық  «өлім»  оқиғасы.  Ол  айбынды  қоштасу  адам  үшін 
қандай  үлкен  ғибрат  керінісі.  «Өлім»  -  дүние  емірінде  тек 
ет пен сүйектен құралған топырақ болмысын, яғни нәпсісін 
жетілдіріп,  рухани  болмысын  әлсіреткендер  үшін  қандай 
өкінішті нәтиже!
Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  дүние 
өмірін танымдайтын бір хадис шәрифінде:

- 172 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Дүние  маған  неге  керек?  Менің  халім,  дүниеде  бір 
ағаштың  көлеңкесіне  отырып  тынығып,  сосын  ррнынан 
түрып кеткен көлікті жолаушыға ұқсайды» - деген.
Уа, Раббым, махаббатың мен ризашылығың бақыттылык, 
жәннатымыз болсын!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 173 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ИЛӘҺИ ҚАҺАР
«Пақырлық пен мұқтаждыққа 
туншыққан көңілдер түтінге толы үйге 
ұқсайды. Сен олардың мұқтаждығын 
тыңцау арқылы сол түтіндеген үйге бір те-
резе ашсаң, оның түтіні тартылып, сенің 
де жүрегің сезімтал болып, рухың нәзік 
болады!»
Хазіреті Мәуләна
Мәриям ұлы Иса өзін бейне бір арыстан қуалап жүргендей 
жан  ұшырып,  қашып  бара  жатты.  Бір  адам  осы  халге  таң 
қалып, соңынан жүгіріп:
«Жайшылық па, үріккен құс сияқты шыр-пыр болып, не 
үшін  және  қайда  қашып  бара  жатырсың?  Артыңда  ешкім 
жоқ!» - деп дауыстады.
Хазіреті 
Иса 
(аләйһиссәләм) 
жылдам 
жүгіргені 
соншалық,  асығыстығынан  адамның  сұрағына  жауап 
қайтара алмады. Оның бұлай қашуының себебін білгісі кел-
ген адам ақыры оған жақындап:
«Ей,  Рухұллаһ!  Аллаһ  үшін  бір  сәт  аялдап,  айтсаң 
қайтеді! Сенің бұл қашуың мен үшін бір тылсым болды! Кім-
нен  қашып  бара  жатырсың?  Артыңда  арыстан  да,  дұшпан 
да, қорқатын ештеңе де жоқ! - деді.
Сонда Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет