Біріктірулер (Құрастырулар)



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі262,68 Kb.
#136055
  1   2   3



Біріктірулер (Құрастырулар)

Өндірістің қандайда болмасын салаларында көптеген бұйымдар біріктірулерден тұрады.Техника саласында әрбір тетіктер бір бірімен жалғасу нәтижесінде бір механизмді құрайды. Күнделікте қолданыстағы заттардың барлығы дегей біріктірудің нәтижесі деуге болады.


Жалпы алғанда біріктірулерді ажырайтын және ажырамайтын деп екіге бөледі.
Ажырайтын біріктірудің түрлері: бұрандамалы, ұстастырма, бұрама, құбырлы, кілтекті, оймакілтекті,...т.б.
Ажырамайтын біріктірудің түрлері: пісіру, дәнекерлеу, желімдеу, тойтарма, тігіс.


Ажырайтын біріктірулер
Ажырайтын біріктіруге жататын бұрандамалы, ұстастыра, бұрама және құбырлы түрлерін жалпы бұрандалы біріктіру деп атайды. Бұлай аталуының себебі, олар бұранданың көмегі арқылы біріктіруді іске асырады.
Бұранданың элементтері. Бұранданың сыртқы диаметрі деп шет қарама қарсы жатқан бұранданың нүктелерінің қашықтығын айтады. Оның ішкі диаметрі деп қарама қарсы жатқан ойық нүктелерінің қашықтығын айтады. Сырық бетін бір айналып өткендегі жылжыған қашықтықты бұранданың адымы дейді. Адым үлкен және уақ болып, олардың өлшемдері стандартпен бекітілген. Егер екі тетікті бір бірімен сағат бағытымен бұрағанда бір біріне киілсе (бұралса), онда бұранда оңқай, киілмесе солақай деп аталады. Сол сияқты бір жүрісті және көп жүрісті бұрандалар өндірісте жиі кездеседі.
Бұранда сызбада МЕСТ 2. 311 – 68 стандарттың ережесіне сәйкес кескінделеді. Бұранда сыртқы (сырықтың үстінде) және ішкі деп қарастырылады.
Сызбада сыртқы бұранданың үлкен диаметрі жуан – ішкі диаметрі жіңішке сызықпен орындалады, оның соңғы айналымы жуан сызықпен көрсетіледі. Ал бұранданың айналу осі перпендикуляр көріністе оның үлкен диаметрі тұтас шеңбер жуан сызықпен, ішкі диаметрі 3/ 4 шеңбер жіңішке сызықпен орындалады. Бұл көріністе жиек көрсетілмейді (109 – сурет).

109 – сурет 110 – сурет

Сызбада ішкі бұранданың үлкен диаметрі жіңішке - кіші диаметрі жуан сызықпен орындалады, оның соңғы айналымы жуан сызықпен


көрсетіледі. Ал бұранданың айналу осі перпендикуляр көріністе оның кіші диаметрі тұтас шеңбер жуан сызықпен, үлкен диаметрі 3/ 4 шеңбер жіңішке сызықпен орындалады. Бұл көріністе жиек көрсетілмейді (110 – сурет).
Бұранданың жіңішке сызығы жуан сызықтан шамамен 1 – 1.5 мм қашықтықта болуы керек.
Бұрандалы біріктіруде, ішкі бұранданың кескіні сырыққа дейін көрсетіледі (111 – сурет).


111 – сурет
Бұранданың типтері. Бұранданың профиль кескініне байланысты оның типін анықтайды.
112 – сурет

112 – суретте көрсетілген; a - метрлік, b - дюмдік, c - құбырлы,


d - трапециялы, е - тіректі, k – тікбұрышты бұрандалардың түрлері.

Сызбада бұранда бірдей кескінделгенмен, олардың түрлерін белгіленулері арқылы анықтайды. Мысалы: М20 болса, онда ол былай оқылады: Метрлік бұранда, диаметрі 20 мм, ірі адым, оңқай. Ал егер М20х1.5LH болса, онда: Метрлік бұранда, диаметрі 20 мм, адымы 1.5, солақай. Дюймдік бұранданың белгіленуі дюйммен беріледі, 1 дюйм 24.5 мм тең. Құбырлы бұранда – G әрпімен белгіленіп, өлшемі дюйммен беріледі. Трапециялы бұранда – Tr әрпімен белгіленеді. Тіректі бұранда - S әрпімен белгіленеді. Тікбұрышты бұранда оның екі диаметрінің өлшемдері арқылы белгіленеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет