№1 дәрістің тақырыбы: Оқушылардың физиологялық дамуы пәніне кіріспе.
Терминдер мен анықтамалар: өсу, даму, гетерехрония, физикалық, соматикалық, психикалық.
Тапсырмалар: 1. Балалардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты, міндеттері
2. Онтогенез – ағзаның ұрық пайда болған кезеңнен бастап биологиядық өліміне дейінгі дамуы.
3. Денсаулық және оның түрлері, денсаулыққа баға беру.
Дәрістің тірек конспектісі: 1.Мектеп оқушыларының физиологиялық дамуы пәнінің мақсаты, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Адам ағзасының, жеке мүшелерінің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа сай физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.
2. Онтогенез – ағзаның ұрық пайда болған кезеңнен бастап биологиядық өліміне дейінгі дамуы. Ол пренатальды (дүниеге келгенге дейін) және постнатальды (дүниеге келіп биологиялық өлімге ұшырағанға дейін) болып екіге бөлінеді. Филогенез – жалпы түрдің эволюциялық (тарихи дамуы). Ағзадағы жасушалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Ағзаның негізгі үш дене көрсеткіштері бар: бойы, салмағы және кеуде щеңбері. Даму – сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы - сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өсу мен даму процестері гетерохронды (бір мезгілді емес, әр уақытта) өтеді. Тұқым қуалаушылық (жағымды, жығымсыз). Акселерация – қарқынды даму (1935ж. неміс ғалымы Кох). Ретардация- дамудың баяуларнуы.
3. Денсаулық және оның түрлері, денсаулыққа баға беру. Денсаулық және оның түрлері, денсаулыққа баға беру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік толық аман есендік. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. 1.Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен ағза мүшелерінің өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді. 2. Соматикалық денсаулық- ол адам ағзасы мен мушелерінің арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді. 3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды
4. Рухани денсаулық – ол адамдардың ақпаратты қабылдау қабәлеттәләгә мен мотивациялық әс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.Егер денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10 % - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықтылып отыр.