Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі23,44 Kb.
#55059
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану


Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану

Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.


«Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек», - деп орыс жазушысы В.Г. Короленко айтқандай, мұғалім алдымен өзі жан-жақты, білімі терең, мамандығын жете меңгерген, мәдениетті, адамгершілік қасиеті мол, оқушыларды әділ бағалайтын тұлға болуы қажет.
Сыныптағы оқушылардың барлығына брдей 45 минуттық сабақта мұғалім көңіл бөле алмайтыны анық.Кеңес дәуірінен бері келе жатқан «кім сабақ айтады?» деп басталатын дәстүрлі сабақтарда сынып оқушыларының барлығы бірдей белсенділік көрсете қоймайды.Мұндай сабақта оқушылардың басым көпшілігі баға алу үшін ғана жауап беретіні мәлім.Әрі барлық оқушы бірдей өз ойын ортаға салуға батылдық танытпайды.Сабақ үлгерімі төмен оқушылар әрдайым артта қалып отырады . Сол себепті де ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді. Жаңа педагогикалық технология балаларды сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады .Егер де сабақ үстінде балалар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым – қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе,бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз.Мұндай қарым – қатынас балалар өз ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады . Бұл жерде балалардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсаты – балаларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі аса жоғары . Оқушы дайын білімді көшіріп алмай, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор . Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады.Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым – қатынас диалог ретінде топқа бөлініп оқыту әдіс – тәсіліне негізделген оқытудың түрі. Нәтижесінде оқушы жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірде пайдалана алады.
«Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» — өзара, «асt» — әрекет ету деген сөзінен шыққан. Сондықтан, интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағыөзара байланыстыңорнауы Дәстүрлі сабақта мұғалім – білімді жеткізуші. Ал интерактивті сабақта мұғалім материалды түсіндіргенін азайтып, оқушылардың өз идеяларын жеткізуіне қолдау көрсетуі керек, бұл дегеніңіз – олардың өзіне тәуелділігін азайту, тек бір ғана жауап не көзқарас болмайтынын, олардың идеяларының бағаланатындығын ұғындыру. Жоғары интерактивті әдістерді қолданғанда мұғалім оқушылардың интелектуалдық дағдыларын дамытатын сұрақтар бере отырып, кейбір идеяларды анықтауға көмектеседі, оқушылардың өзара идеялармен алмасуын басқарады.
Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта дәрістік жадығатты алмастыра алмайды, бірақ оның толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет