Біз ең алғаш рет тәуелсіздігімізді осыдан 30 жыл бұрын жарияладық.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біздің мемлекет осы отыз жыл Тәуелсіздік жылдарында мойымай,Н.Ә
Біз ең алғаш рет тәуелсіздігімізді осыдан 30 жыл бұрын жарияладық.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біздің мемлекет осы отыз жыл Тәуелсіздік жылдарында мойымай ,Н.Ә.Назарбаев айтқандай бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды.Еліміздегі саяси тұрақтылық,ынтымақтастық ,халқымыздың бірлігі қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.
Қазіргі таңда біздің мемлекет күллі әлемге жаһандық әлем дағдарыспен бетпе – бет келіп отырған кезде,Ұлт басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің көрегендік саясатымен ,мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы-жол болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жолдады .Бұл жолдауда еліміздің өсіп-көркейуіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойуымыз керек. Біздің елбасымыз атап,көрсеткендей «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз- ашып айтқанда, мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін үлкен бір індет десек қателеспегеніміз. Елімізде болсын не өзге мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үздіксіз дамып келе жатқандығы өтірік емес. Халықтың сыртыннан пайда көріп , құқық бұзушылықпен айналысып,мол қаржыға ие болып жатқандар аз емес.Қазіргі таңда осы мәселе барлық мемлекеттер арасында қозғалып жатыр.Сыбайлас жемқорлықтың тез арада алдын алмайтын болсақ, болашағымыздың қандай болатыны барлығымызға аян.
Жемқорлық- бұл жәй құқық бұзушылық емес.Сол себепті мемлекеттің сенімділігіне сенімді және ұлтымыздың қауіпсіздігіне тікелей қауіп-қатер болып саналады.» Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі мәселесі болып отыр. Жемқорлық еліміздің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді. Еліміздің өсіп-өркендеуіне қауіп-қатер келтіреді. Біздің демократиямыз қоғамда елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты-оның алдын алу болып тұр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Елбасымыздың өз сөзіңде «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде-оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңірсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанның гүлденуіне үлесін қосатын азаматтар мен азаматшалар өсіре аламыз»-деді. Ал Әбунасыр Әл-Фараби «Тәрбиесіздік ол адамзаттың қас жауы,тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» - деген. Сол себепті де егер біз ешқандай ерсі қылық жасамай,ел сыртыннан пара алмай.,былайша айтқандай сыбайлас жемқорлықты болдыртпай, өмір сүретін болсақ еліміздің болашағы жарқын әрі өзге елдермен қарым-қатынас кезіңде алға қарай одан әрі жылжып,ел арасындағы сыйластығымыз арта түсер еді.Егерде біз халық болып құқық бұзушылықты, парақорлықты және тағы да басқа заңға қайшы келетін істерден аулақ болатын болсақ онда біз ел болып, бірлесе жеңіске жеткеніміз. Сол себепті біз қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықтың болуына қарсы тұруымыз қажет. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда!