Әдіс тәсілдерін жетілдіру



бет1/5
Дата06.02.2023
өлшемі64 Kb.
#65639
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. 
Мектепалды даярлық балаларын тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Сұлтанмахмүт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айытпаған.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет