Кәсіпкер - белсенді, жауапты, нәтижені мақсат тұтады
Кәсіпкерлік – адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және оларға табыс әкелетін игіліктерді өндіру.
Кәсіпкерлік ойлау – ХХІ ғасырдың қажетті дағдысы, бұл ойлап табушылық армандарды құру және әлі жоқ нәрсені, армандарды іске асыру қабілеті.
Кәсіпкерлік тарихы
Ричард кантильон, Питер Друкер, Роберт Хисрич, Йозеф Шумпетер, Томас Дуэнинг – «кәсіпкер теориясының» негізін салушы ғалым, экономистер.
«
«Кәсіпкерлік» және «кәсіпкер» деген сөздер «кәсіпорын» деген ұғымға негізделеді – бұл өнім өндіру, жұмыс жасау, қызмет көрсету мақсатындағы қүрделі өндірістік – шаруашылық жүйені білдіреді.
Тарихы:
Кәсіпкер және кәсіпкерлік деген ұғымды XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында ең бірінші болып ағылшын экономисі Ричард Кантильон қолданды. Оның айтуы бойынша, «кәсіпкер» - бұл тәуекел (риск) жағдайда әрекет ететін адам, байлық көзі ретінде ол жер мен еңбекті түсінген.
1-тапсырма. Көрсетілген кестеге ойларыңызды жазыңыз
Кәсіпкер
Кәсіпкер емес
2-тапсырма. Сіздің бойыңыздағы кәсіпкерлікке бейім қасиеттерді атап өтіңіз. Мысалы: 1. тәуелсіздікке ұмтылу 2. іс-әрекет еркіндігі 3. үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу 4. жобалай білу, болжай білу 5. тәуекелдерді басқара білу және т.б.
Бар
Жок
3-тапсырма. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар болжамдап көріңіз
Не өндіріледі?
Кәсіпкерліктің түрлері қалай аталады?
B2C B2B B2G
Кәсіпкерлік әр түрлі болады:
Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік – В2С – бұл өндіруші немесе сатушының өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара іс-әрекет ететін кәсіпкерліктің түрі.
Кәсіпкерлікке арналған кәсіпкерлік – В2В – бұл, өндіруші немесе сатушының өнімдері немесе қызметтерді түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке өткізетін кәсіпкерліктің түрі.
Мемлекетке арналған кәсіпкерлік – В2G – бұл қызметті өндіруші немесе сатушы оларды түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерге емес, мемлекеттік құрылымдары сататын кәсіпкерліктің түрі.
Тауарлар – ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар
Қызметтер – заттац нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшун жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады.
4-тапсырма. Көрсетілген екі жіктемеге мысал келтіріңіздер: