Жоспар: Кәсіпкерлік ұғымы



Дата14.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#114871
Байланысты:
Дәріс 1

КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮСІНІГІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ


Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Жоспар:

1.Кәсіпкерлік ұғымы

2. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

3. Кәсіпкерлік істің маңызды белгілері

4. Кәсіпкерлік субъектісі

5.Кәсіпкердің құқықтары

6.Қорытынды

7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Кәсіпкер ретінде Кантильон өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адамды түсінетін.

Американдық экономист Иозеф Шумпетер (1883-1950) былай деп тұжырымдайтын: кәсіпкерлік дегеніміз - бұл, ең алдымен, өзінің нәтижесінде жаңа тауарлар жасалу нәтижесінде болып отыратын жаңашылдық қызмет.

«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын

Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

  • Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.
  • Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.

Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:

  • 1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.
  • 2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.
  • 3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.
  • Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Кәсіпкерлік субъектісі:

  • 1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).
  • 2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.
  • 3. Азаматтық бірлестіктер:

Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

1.Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.

Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

Бұл келісімде:

  • мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
  • әртүрлі қызметті іске асыру;
  • материалдық жауапкершілік пен өзар а қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;
  • келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.

Кәсіпкердің құқықтары:

  • келісімнің бастамаларын жүзеге каржы-қаражат тарту;
  • интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлға-лардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
  • өндірістік бағдарламалар жасау;
  • өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
  • Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
  • сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
  • кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға жою;
  • кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

«Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.

Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағаттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.

Қорытынды:

  • Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет