БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДА АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚАҒИДАТТАРЫ Жақсымбетова А.Н., Сексенбайқызы А., Дүкенбай М.Н., Халмурат А.Н.,Юсупали А.Б., Айтмұратов З.С. 1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан.
2Орталық клиникалық аурухана, «Терапия бөлімшесі», Алматы қ., Қазақстан.
Ғылыми жетекшілері:
ТҮЙІН Гипертонияны бақылау созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда маңызды, себебі бұл аурудың дамуының баяулауына, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының даму қаупінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, біздің зерттеу жұмысымызда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипотензивті терапия тактикасын тиімділігі туралы талқыланады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Халықаралық Kidney Disease Improving Global Outcomes (KDIGO) ұйымының дерегіне сәйкес 2017 ж. дүние жүзінде 843,6 млн адам немесе жалпы халықтың 10%-ға жуығы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен зардап шегетінін, соның ішінде ≥20 жастан жоғары ересектерде ерлердің үлесі 4,7% және әйелдердің үлесі 5,8% құрағанын растады. Ал, Gaipov A. Зерттеулеріне сүйенсек Қазақстанда 2018 ж. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар саны 1 млн тұрғынға шаққанда 336,1, өлім көрсеткіші 18,9 науқасты құрады. Соның ішінде Алматы қаласында 1 000 000:418,0 және өлім көрсеткіші 49,7 науқасты құрады. Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Ақтөбе облысына тиесілі: 1 000 000:460,0 және өлім көрсеткіші 9,5 науқасты құрайды.
Зерттеу материалдары мен әдістері:Зерттеу жұмысында 2019-2022 жылдары Алматы қаласы, Орталық клиникалық ауруханасының «Терапия» бөлімшесі базасында ІІ кезеңді станционарлық ем алған 83 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргіздік, оның ішінде 37 (44,57%) ер адам (орташа жасы 59,5±10,8 жас) және 46 (55,42%) әйел адам (орташа жасы 63,7±9,6 жас) құрады. Науқастардың барлығы екі топқа бөліп ажыратылды: І топ - β-адреноблокатор/диуретик комбинациясымен ем қабылдаған, ІІ топ - кальций антагонистері мен ИАПФ дәрілік терапиясын қабылдаған науқастар тобы.
Нәтижесі: Кальций антагонистері / ИАПФ қабылдаған науқастар тобында САҚ/ДАҚ деңгейінің 26,44%-ке төмендеді. Науқастарда – СКФ (мл/мин/1,73 м2) деңгейі І топта – 12,8% - ке, ІІ топта - 23,7%-ке дейін көтерілген.
І топтағы науқастарда сол қарынша белгілері (I топ – n=25/ 67,56% және ІІ топта – n=28/60,86%) жиі кездесті. Simpson бойынша шығару фракциясы (ШФ) І топта (n=37) – 5,7%-ке, ІІ топта (n=46) – 8,2%-ке, КДР өлшемі І топ – 4,3%-ке, ІІ топ – 6,4%-ке, КСР өлшемі І топ – 4,9%-ке, ІІ топ – 5,3%-ке дейін төмендеді.
Креатинин деңгейі β -адреноблокатор/диуретик қабылдағандарда 8,36%-ке, мочевина – 9%-ке, кальций антагонистері / ИАПФ тобында креатинин – 15,38%-ке, мочевина – 16,26%-ке деңгейі түсті.
Қорытынды: Осылайша, кальций антагонистері / ИАПФ тобында егде жастағы науқастарда және бүйрек пен жүрек функциясының қатар жүретін бұзылыстары бар науқастарда жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, микроальбуминурия деңгейін төмендету және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуын бәсеңдету арқылы нефропротективті әсер көрсете алды. Осы себепті, клиникалық тәжірибеге кеңінен енгізу жүрек-қан тамырлары аурулары мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар полиморбидті науқастарды емдеудің жаңа перспективаларын ашады деп ойлаймыз.