Бұл палата қазақ тілін насихаттаудың ең тиімді жолын ұсынады



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі23,03 Kb.
#87841
  1   2

  1. Бұл палата қазақ тілін насихаттаудың ең тиімді жолын ұсынады.

Ана тіліміз қазақ тілі. Қазақ тілін Қазақстанда дамытпасақ, басқа қайда дамытамыз? Қазақ тілін өзіміз көтермесек басқа кім көтереді? Алысқа бармай ақ өзіміздің Павлодарда қазақ тіліне сұраныс аз. Дүкенге барсаң, автобусқа мінсең, көшеде жөн сұрасаң орысша жауап береді. Яғни сұраныс жоқ. Сұранысты қалай арттырамыз? Талап қою арқылы. Қазақ тілінде сөйлеуді талап етсек, біртіндеп үйренер еді. Және де жұмысқа тұру үшін, оқуға түсу үшін қазақ тілін білу міндет десек бәрі қазақша үйренер еді. Осылайша орта қалыптасар еді. Ортамыз қазақшаланса, тілімізде қазақшаланар еді. Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл. Демек тілімізді қазақшаландыру уақыты келді.

Мен қазақ тілін насихаттаудың келесі жолдарын ұсынар едім:



  • Жұмысқа орналасу үшін қазақ тілін білуді міндеттеу. Қазақ тілінен емтихан тапсыру.

  • Оқуға түсу үшін тапсыратын қазақ тілі пәнінен шекті балын көтеру

  • Орта қалыптастыру

  • Көшелерде, мекемелерде жарнаманы тек қана қазақ тілінде ілу

  • Қазақстанға көшіп келу үшін қазақ тілін білу міндетті

Мысалы Германияда неміс тілін білмесе ол жерге орналаса алмайды.

  1. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Даттаушы:
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Яғни әр азамат өз ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға құқылы. Осы ұранды алға тартып билікке қарсы шығу, көтеріліс, митинг ұйымдастыру көбейіп кетті. Оның салдарынан тәртіпсіздік орын алады, адам шығыны шығады. Мысалы, Әлемді дүр сілкіндірген «Ковид 19» вирусы пайда болды. Коронавирус- ол адамның өкпе жолдарын зақымдайды. «Ковид-19» вакцинасына қарсы көтерілістер еліміздің әр жерінде тіпті өзіміздің Павлодарда да шығып жатты. Демократия деген сайын «Вакцина салып улап жатыр» деген жалаумен бас көтергендер көбейіп кетті. Вакциналау адам иммунитетін күшейтетін, ауруға қарсы тұратын антиденелерді салу процессі. Бүкіл әлем елдері, барлық адамзат ақымақ емес, барлығы жаппай вакцина салдыруда.

Демакратия орынсыз көтерілістердің көбеюіне алып келеді. Алматыда митинг көбейіп кетті. Ондай митингіні өздерінің арам пиғылдарына пайдалатындар көп. Адамдарға ақша беріп әдейі митингке шығарады. Халық арасына іріткі салады. Іріткі салатын болса халық арасынан бөліну, талас-тартыс пайда болады. Оны сыртқы күштер пайдаланады. Тіпті тәуелсіздігімізден де айырылуымыз мүмкін. Мысалы ауғанстан мемлекетін діни топ басып алды. Ауғаныстан билігі қашып кетті. Мысалы Сирия дамыған мемлекет еді. Көтеріліс, төңкеріс кесірінен дағдарысқа ұшырады.

Мысалы: Қытай билігі демократияны қолдамайды. Соның арқасында оларда темірдей тәртіп, реттілік, жүйе бар. 1 млрд адамды осы жүйе арқылы басқарып отыр.


  1. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерлету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет