СН3 — O — CH2 — CH2 — CH3 - метилпропил эфирі
CH3 — CH2 — O — CH2 — CH3 - диэтил эфирі
C4H9OH - бутанол, т.с.с.
Жай эфирлердің оттекпен байланысқан радикалдар бойынша изомерлері болады. Сонымен қатар жай эфирлер жалпы формуласы СnН2n+2O бойынша спирттерге изомер болып келеді. С4Н10О-ның изомерлері:
Жай эфирлердің бастапқылары (диметил және метилэтил эфирлері) газдар, диэтил эфирінен бастап оңай буланатын сұйық заттар, жоғарғылары — қатты заттар, өздеріне тән иістері бар
Мысалы, этил спирті мен диметил эфирінің молекулалык құрамы бірдей — С2Н6O. Этил спирті сұйық зат 78,3°С-та қайнайды, ал диметил эфирі газ -24°С-та қайнайды.
Химиялық қасиеттері
Жай эфирлер — инертті қосылыстар. Олар гидролизденбейді. Концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырғанда, олар сульфат түзеді:
Диэтил эфирі — түссіз сұйықтық, өзіне тән иісі бар, ұшқыш, тез от алғыш. Жұмыс істегенде сақ, болу керек. Оны сақтаған кезде пероксидтер түзіледі. Суда нашар ериді (6%, 20°С). Әр түрлі органикалық қосылыстар диэтил эфирінде жақсы ериді, сондықтан еріткіш ретінде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8