Болашақ бастауыш сынып мұҒалімдерінің білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану абдулла Жанат



бет1/2
Дата09.04.2023
өлшемі29,87 Kb.
#80722
түріРассказ
  1   2

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Абдулла Жанат – 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: Кожагельдиева С.С.- п.ғ.к., доцент
Орталық Азия Инновациялық Университеті


АННОТАЦИЯ
Цель, которую ставит перед собой Казахстан в сфере образования-развитие учебной и воспитательной работы с помощью инновационных методов обучения.
В научной работе рассказывается о применении активных методов обучения на необходимом уровне и, таким образом, о формировании у студентов уровня знаний, творческих способностей в соответствии с общественным спросом.
В статье интерактивное обучение следует идеям совместного обучения. При совместном обучении каждый обучающийся вносит свой вклад в общий смысл и конечный результат познания (обучения, обучения), обменивается с другими своими знаниями, идеями, мыслями, определяет, какие совместные действия обучения/обучения могут достичь эффективного результата (знания).
Интерактивные методы-это методы, которые создают условия для взаимодействия учащихся. Методы интерактивного обучения основаны на собственном жизненном опыте, знаниях учащихся. Поэтому они позволяют осуществлять педагогику сотрудничества на уроке, действовать сообща, создавать на уроке комфортную и позитивную психологическую обстановку.


ABSTRACT
The goal that Kazakhstan sets for the education sector is the development of educational and educational work through innovative teaching methods.
The scientific work describes the use of active teaching methods at the necessary level and the formation of students, knowledge level, creative abilities in accordance with public demand.
In the article, interactive learning follows the ideas of co-learning. In joint learning, each learner contributes to the common meaning and end result of cognition (learning, learning), exchanges his knowledge, ideas, thoughts with others, determines through what joint learning/learning activities he can achieve an effective result (knowledge).
Interactive methods are methods that create conditions for students to interact. Interactive teaching methods are based on students' own life experience, knowledge. Therefore, they allow us to realize the pedagogy of cooperation in the classroom, to act together, to create a comfortable and pleasant psychological atmosphere in the classroom.

Қазақстан Республикасы «Білім туралың Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауң, – деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1].


Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Өйткені өмір сүріп келген жүйе үнемі даму үстінде болып отырған қоғамның сұраныстарына жауап бере алмайды. Сондықтан осы мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды.
Қазақстан білім саласының алдына қойып отырған мақсаты – инновациялық оқыту әдістері арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында білімгерлерге жүйелі, нақты білім беру. Алайда, оқытудың белсенді әдістерін қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы студенттердің білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін орындарында дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген жоғарғы оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жұргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін қолдану:

  • білім сапасын түрлендіруге,

  • білім сапасын көтеруге,

  • студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға,

  • жаңашыл жобаларды енгізуге,

  • оны тиімді басқаруға негіз болып,

  • әрбір білімгерге өзіндік даму жолын табуға,

  • әрбір болашақ маманға өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді.

Жас маманға сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өз білімін жетілдіріп, жеке ғылыми ізденістеріне барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Бүгінгі күнде жалпы жоғары білім беретін оқу орындары – жаңа қоғам оқу орындары, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, болашақ маманның жеке білімінің дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және қазіргі заман талабына сай жүйемен байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жас маман өсіріп, дамыта алатын, ғылым мен білім саласына үлкен үлес қоса алатын жоғарға оқу орындары болуға тиіс.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану үшін әр білімгер күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатъінас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет [2].
Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» – грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» дегенді білдіреді) –өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.
Акмеологияның пәні – адамның шығармашылық потенциалы, субъектінің өзін-өзі жетілдірудің, айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары.
Міндет – барлық білімгерге өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар «акме» деңгейіне жетудің негізгі факторларды. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологияларының да басты міндеті осында.
Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «іпtеr» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «асt» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші – өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
– барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
– әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау [3].
Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара силасымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді окуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет