Бөлім «Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі43,82 Kb.
#86057
  1   2

Пән: әдебиет 3 сынып (БЖБ-6)



Бөлім

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Бағалау критерийі

  • Шығарма тақырыбына сай сыныппен бірлесе немесе өздігінен жоспар құрады;

  • Мәтіннің құрылымын (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, соңы) сақтап, өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді

  • Каллиграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық нормаларды сақтайды.

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут

Тыңдалым және жазылым


1-тапсырма.


Алғашқы ұстаз-Ыбырай
Жоспар:
1.Қазақтың алғашқы ұстазы
2.Балаларды оқуға, өнер үйренуге шақырған
3.Балаларға арналған шығармалары
4.Өзінің және халықтың қаражатына мектеп салған


Үлкен - кішіміздің қай-қайсымыз болмасын балаларды білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған Ұлы ұстаз Ыбырайдың:


«Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,- деген өлеңін жатқа білеміз.
Міне, бұл өлеңнен ақынның қазақ балаларының бойына білім нәрін сіңірту жолындағы ынта- жігерін анық байқауға болады. Ұстаздың қай шығармасын алсақ та, мысалы, «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» сынды туындылары жас ұрпақты мейірімділікке, ізеттілікке, білімділік сияқты адами қасиеттерге шақырады. Бүгінгі таңда да бұл туындылар өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Ақынның «Дала қоңырауы» атауына келетін болсақ, менің ойымша, қазақ даласында алғаш рет қазақ балаларын білімге шақыруы, сыңғырлаған қоңырау сынды ерекше үні-бұның басты себебі. Дара тұлғаның бұл іске баруына түрткі болған асқақтаған арманы болатын. Бұны ақынның Ильминскийге «Осы жылы қаңтардың сегізінде менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кіреді, бәрі де жақсы, есті балалар...» деген хатының анық байқауға болады.
Иә, атамыздың өмір жолдарына үңілсек, осындай еңбекқорлығын, өз халқына адал, нағыз ұлтжанды адамның бейнесін көреміз. Бұл оның ұлтына жанашырлығы . Ол-жай ғана ағартушы емес, халқын сүйетін нағыз ұлтжанды күрескер деуге тұрарлық аяулы жан. Ұйқыға кеткен қазақ даласын қоңырау сықылды сылдырлап, қазақ жастарының білім алуына жол ашқан Ыбырай Алтынсарин нағыз «Дала қоңырауы» деген атқа лайық деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда ақынның ұлы арманы толығымен орындалды десек, қателескеніміз емес, өйткені Ыбырай ашқан алғашқы мектепте 14 оқушы оқыса, қазір жыл сайын мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Жас ұрпақ сәні мен сәулеті келіскен мектепте білім алуда. Ұлы ұстаз білімнің алғашқы «қоңырауы», алғашқы шамшырағын жаққан, бүгінде ол үлкен сәулеге айналып жалғасын табуда.
«Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» демекші, Ыбырай атамыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Біз оның салған ізгі жолын әрқашан бағдаршам етеміз.

Ыбырай Алтынсарин - ағартушы-педагог, жазушы, қоғам қайраткері. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өседі. Тоғыз жасында 1850 жылы Орынборда ашылған мектепке қабылданады. Ол сабақты ынта қойып оқып, "өте жақсы" бітіреді. Өзінің еліне келіп тілмаштық қызмет атқарады. Бірақ Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалы қызмет істеуді мақсат етеді. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. Қазақтар үшін алғашқы бастауыш мектеп ашылғанда өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып барады. Ол балаларға ана тілін ұқыптылықпен үйретеді. Көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез - құлыққа баулуды көздейді. Қазақ тілінде оқулық жасауды білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Сөйтіп "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден құрастырылады. Олардың біразын өзі жазады, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан аударып алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет