Бөлім: Бұрыштар. Көпбұрыштар. Педагогтің аты-жөні



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі95,07 Kb.
#79918
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5-с матем 13.04


Бөлім:

Бұрыштар. Көпбұрыштар.

Педагогтің аты-жөні:

Оразбаева П.М.

Күні:

13.04.2023

Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Транспортир

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.1.5. бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық).

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар бұрыштардың түрлерін меңгереді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар бұрыштардың түрлерін меңгереді және ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар бұрыштардың түрлерін сипаттап бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.


2.Амандасады және тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.
2. Сабаққа дайындалады.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Транспортир
Оқулық, жұмыс дәптері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1.Бұрыш дегеніміз не?
2.Бұрышты қалай өлшеуге болады?
3.Бұрыштың градустық өлшемін қалай анықтайды?

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет