Бөлім. «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
нұсқа
Оқумақсаты:
10. 2.3.1 Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.4.3.1.Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.
Бағалаукритерийі:
Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;
Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді
талдап жазады.
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты:
20 минут
Тапсырма. 1. Мәтін мұқият оқыңыз.
мәтін.
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы – оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.(112 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/