Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: Қоянның үйіне арналған баспалдақ Мақсаты



Дата12.06.2022
өлшемі19,4 Kb.
#36707
Байланысты:
длллл


Ұйымдастырылған оқу-қызметі

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Қоянның үйіне арналған баспалдақ
Мақсаты: Түзу сызықпен қысқа жолақтарды киюды үйрету. Балаларға баспалдақ жайлы түсінік беру. Баспалдақтарды жапсыруға үйрету. Желіммен дұрыс әрі таза жұмыс істеуге баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу,
Көрнекіліктер: жапсыру үлгісі, үйдің суреті
Билингвальды компонент: үй-дом, қызыл-красный, баспалдақ-лесницы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Денсаулық-ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай

Шаттық шеңберге тұрады.

Ұйымдастырушы-ізденістік


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Атап беріңдерші
-Жақсы, балалар сендер қазір жылдың қай мезгілі екенін жақсы біледі екенсіңдер.
Бүгін бізде жапсыру сабағы.
Біз бүгін қайшымен, желіммен жұмыс істейміз. Балалар қайшымен жұмыс істегенде абай болыңдар.Қайшымен ойнауға болмайды себебеі қолдарыңды кесіп алуларың мүмкін. Ал желіммен жұмыс істегенде ұқыпты болуымыз керек.

Топқа жылап қоян кіріп келеді.


-Қоян саған не болды?
-Неге жылап тұрсың?
Қоян: Менің үйімнің баспалдақтары сынып қалды. Үйіме кіре алмай жүрмін. Не істесем болады?

Жылама қоян, біз саған бәріміз көмектесеміз.


-Көмектесемз ғой балалар?
Қоян қуанып кетеді.
Балалар баспалдақ ол өздеріңе белгілі биік көп қабатты және жай үйлерде де болад. Біз баспалдақтың көмегімен көтеріліп,үйімізге барамыз. Бүгін осы баспалдақты жапсыру арқылы қоянға көмектесеміз.

Балалар тақтада ілініп тұрған үйдің суреті. Бұл қоянның үйі. Үйдің қабырғасы төртбұрыш ал шатыры үшбұрш.


Балалар алдарыңа түрлі-түсті қағаздар берілді сендер маған қарап отырып, баспалдақты қиыңдар. Бастаймыз


Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Біздер тату баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз.



  • Балалар баспалдақты жабыстырып болсақ, қоянға табыстаймыз.

Қоянмен қоштасу. Бірге суретке түсу.

  • күз мезгілі

  • үш ай

  • қыркүйек, қазан, қараша

-Балалар тыныш қана отырып тыңдайды.
-иә, көмектесеміз

-тыныш отырып мұқият тыңдайды.





  • Үлгіге қрап жұмыстарын бастайды.

Сергіту сәтін орындайды.

-Қоянға табыстайды.



Рефлексивті-түзету

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Біз қоянға не істеп көмектестік?

- Қоян
- иә, ұнады
- баспалдақ істеп көмектестік



Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Түзу сызықпен қысқа жолақтарды қиюды үйренеді.
Не істей білуі керек: желіммен жапсыруда тазалықты сақтай отырып, үлгі бойынша жапсыра алу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет