Болмыс. Материя. Сана ұғымдары



бет1/4
Дата06.10.2022
өлшемі31,18 Kb.
#41572
  1   2   3   4
Байланысты:
Болмыс. Материя. Сана ымдары


Болмыс.Материя.Сана ұғымдары
Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Қазіргі уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу.
Философия тарихында таза болмысты абсолюттік ақиқат ретінде алғаш жария етіп, дәлелдеуге тырысқан Парменид (б.д.д. VI-V) болатын. Оның айтуынша дүниеде болмыс қана бар, одан басқа ешнәрсе жоқ, болмыс - біртұтас, ол жіктелмеген, бөлектенбеген.
Болмыс маселесінің үш қыры мен сыры бар.
Болмыстың бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегіне келіп тіреледі. - Не өмір сүреді? Дүние. - Қайда өмір сүреді? Осында және барлық жерде. - Ол қалай ұзақ өмір сүреді? Қазір де және әрқашан дүние болған, бар және бола береді, ол түпкілікті. - Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қалай ұзақ өмір сүреді? Олар шектеулі, өткінші. Дүние болмысы мен жеке заттардан құралатын нәрселердің болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра, дүниенің өмір сүруінде ажырамас бірлік, әмбебап тұтастық тұнып тұр.
Болмыстың екінші қыры: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі де, тұтас алғанда, тең өмір сүреді. Ал өмір сүрулерінің формалары жағынан алуан түрлі. Бар болып отырғанның бәрінің өмір сүруі және олардың бола беретіндігі дүние бірлігінің алғышарты болып есептеледі. Әрбір жекелеген адамның өмір қызметі – басқа адамдар үшін және өзі үшін де іс жүзіндегі нақтылы шындық. Мысалы, кәсіпкер адамдар өндірісті дамытып, тұтынушылар үшін тауар шығарады, сонда өздері де пайда алады. Адамдардың санасы, ақыл ойы, көңіл- күйі, ішкі сезімі бәрі де болмыс.
Болмыстың үшінші қыры - дүниеде өмір сүретіннің бәрі - нақты шындық, бұл шындықтың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты түрде бейнесін таба алады. Адамдар сол нақты шындықпен санаспаған кезде, шындық оларға қарсылығын көрсетеді. Мысалы, экологиялық мәселелер адамның шындықпен санаспауынан шығады.
«Болмыс» категориясы, философияның басқа категориялары сияқты дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, қарастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет