Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз жасалып отыратын



Дата07.04.2022
өлшемі20,41 Kb.
#30140

Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз жасалып отыратын

белсенді байланысында оның сезім, ерік үдерістері шешуші рөл атқарады. Сезім –

айналадағы заттар мен құбылыстардың адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінен

туындайтын жан қуаты. Қажеттердің өтелуі жағдайына қарай адамдарда әр түрлі (ұнамды,

ұнамсыз) сезімдер пайда болып отырады. Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну,

наздану, қорқу, қайғыру, үрей, т.б. сезімнің «эмоция» деп аталатын қарапайым түрлері.

Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты ол түрлі деңгейде

көрінеді [1, 91-бет].

Жағымсыз эмоция – қорқыныш. Бір нәрседен жүрексініп, сескенгенде, шошығанда

пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш

сезімінің қарқындылығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу,

шошу, үрей) [2].

Бабамыз Абай баланың бойына алты асыл қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру

парыз деген. Біріншіден, зерде – зейін; екіншіден, өнер – өріс; үшіншіден, тапқырлық,

талап, батылдық; төртіншіден, жігер – күш; бесіншіден, қайрат қару; алтыншыдан, білім.

Міне, осы алты қасиетпен қатар үш асыл мінез: 1)елі мен туған – туыс, жұрағат-жекжат,

дос-жолдасқа адал болу; 2)өте әділетті болу; 3)шыңдықты тура бетке айту [3, 322-бет].

Батылдық – қажетті істі орындау кезінде адамның қорқыныш сезімін жеңіп

шығуына жәрдемдесетін рухани күш. Батылдық мақсатқа бет алыс сәтінде, қабылданған

шешімді жүзеге асыру барысында ерекше көрінеді.

Бейбіт өмірде де батырлық пен батыл істерге баруға болады. Мәселен, норвег

ғалымы Тур Хейердал өзінің ғылыми болжамының дұрыс екенін дәлелдеп шығу үшін

бөренеден жасалған салмен Тынық мұхитты жүзіп өткен. Қазақстандық ғарыш батырлары

Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты кім білмейді? Олар кенеттен кездейсоқ қиын

жағдайға ұшырап қалу мүмкіндігін күн ілгері білсе де, осындай батыл іске бара білген жоқ

па? [1, 98-бет].

Бала бойындағы қорқыныш қайдан пайда болады?

Қараңғыдан. Есігі құлыптанып тұрған үйдің есігін үлкен адам кілтпен ашып немесе

поездға мініп купе бөлмесіне кіргенде де «Бисмиллаhир – Рахманир - Рахим» деп үлкен

адам кіреді. Себебі бала қорқып қалмасын, шошынып үрей алмасын деп алдын алу үшін,

баланы кіруге бірінші жібермейді.

Жәндіктерден. Мысалы масаны алайық. Бала масаның қатты шағып алатынын

білетіндіктен масаның ұшып жүргенін көрсе бойы тітіркеніп, одан қорқып, қашады.

Үлкендерден көмек сұрайды. Әрине үлкен адам көмек береді, яғни масаны өлтіреді.

Масаны өлтіру себебін балаға түсіндіреді, мысалы, кез келген жерге ұшып – қонып ауру

тарататындығын, микроб тасымалдаушы жәндік екенін айтып өтеді.

Дауыстан. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешінің жуан, қатты дауысынан

қорқып қалуы мүмкін. Себебі, баланың отбасында ондай дауыс естімегендіктен,

қорқыныш пайда болып, бала түн ұйқысынан шошынып оянып, біразға дейін бейімделе

алмай жүреді. «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп халық асқан тәлімгер

осылай талап қойған.

Мектептегі жағдайда шәкірттерді айқай-ұйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер

көп сөйлейді, кісіні ығыр қылатын сөзді шәкірт жаратпайды, ол «ұстазының» қай сөзін

тыңдарын білмей, басы қатады.

Жазалау. Баласының бүлдірген іс-әрекетін көрген ата-ана үйде айқайлап, ұрып

соғып жазаланатын болса, бала өсе келе ынжық, бойында үрейі бар бала болып өседі.

Мектеп жағдайында бала теріс жазғырылса, бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер

мұндай жағдай қайталана берсе, ол әділеттік, шыңдық деген ұғымға жөнді мән бермейтін,

тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл,

қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін.

Дәрі – дәрмек ішуден, денесіне ине салудан. Бала дәрігерді көрсе, қорқыныш сезімі

пайда болып, ата-анасына жабысып бармаймын деп жылап, шыңғырады.

Биіктіктен. Артымнан итеріп қалама деп қорқыныш пайда болып кейде бала

биіктікке көтерілмейді. Төмен қарап басы айналып, қорқып қалады.

Сөзбен қорқыту. «Сабақты жақсы оқымасаң, еден жуасың немесе аула сыпырушы

боласың» деп бұл сонау кеңес үкіметінен келе жатқан әйгілі фраза. Қазір осы сөзді

балаларына айтатын ата-аналар жоқ шығар десем, әлі де бар екен. Кеңестік

психологиямен өмір сүріп жүрген, өткен ғасырда қалып қойған ата-аналарға қарап,

балаларына жаным ашиды. Осы сөзді күн сайын еститін баланың миында тек бір ғана код

тұрады: «Мектептен қалмай сабақты жақсы оқу». Қорқыту, үркіту арқылы баланың басқа

ойлау қабілетін дамытуына өзіміз шектеу қоямыз. Ертеңгі күні бала жасық, ынжық, өз-өзіне сенімсіз болып өссе, тағы да баланы кінәлаймыз. Сіз орнатып берген негатив

файлдар баланы өмір бойы кері тартып отырады. Өйткені, бір шешім қабылдайын десе,

қорқады. Бір істі бастайын десе, жүрегі дауаламайды. Себебі, бойында ата-анасы

қалыптастырып берген комплекс бар. Сабақты жақсы оқуы үшін басқа мотивация беруге

болады. бірақ қорқытып, үркітіп емес. Бүкіл әлемге миллиондаған тиражбен тараған

«Богатый папа, бедный папа» кітабының авторы Роберт Кийосаки «Мектепте жақс ы

оқығандар уақыт өте келе нашар оқыған балалардың қол астына кіріп жұмыс істейді», -деген тұжырымын айтады. Бұл деген сөз - кейбір балалардың сабаққа ынтасы болмаса да,

басқа да ойлау қабілеті ерекше дамыған. Ондай балалар қалауын тауып, қарды да

жандырып жібере алады. Бір нәрседен екі нәрсе жасап шығаруға мүмкінд ігі бар. Себеп

біреу: олар өз-өздеріне сенеді! Кішкентай кезінен ата-аналары балаларының бойына

сенімділік, табандылық, өжеттіктің дәнін еккен. Сондықтан баланы кекетпей, мұқатпай

керісінше «Мен саған сенемін!» деген сөзді оның құлағына күн сайын құя бергеніңіз

артық етпейді [4].

Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерінің алдын алу үшін:

Бесікте жатқан сәбиіне «Бесік жырын» айту керек. Себебі, аналар баласына тіл –

көзден ауру – сырқаудан аман болып ер жет, мал бақ, кәсіп ет, өнер жолын қу, ел шетіне

жау келсе, қолыңа қару алып еліңді жаудан қорға, ата-анаңның, ел-жұртыңның намысын

жауға таптатпа деген тілек арманын бесік жыры арқылы білдірген. Бесік жырымен бірге

аңыз – әңгімелер, тақпақтар, өсиет сөздер айтылған.

Баланың жасы өскен сайын оларға айтылатын ертегілердің мазмұны да күрделене

түскен, мәселен, «Қобыланды батыр», «Ертөстік», «Алпамыс батыр», «Күлтегін жыры»

батырлар жырын балаларға балабақшада, мектеп сабағынан бөлек қосымша үйде оқуға

кеңес беру, кітапты оқып бітірген соң бірге талқылау. Мұнда бала бойын кішкентай

кезінен бастап батырлыққа, ерлікке баулу болып табылады.

Ойын терапиясы. Ең көп байқалған ерекшелік – ойындық терапиядағы өзара

қарым-қатынас сөзбен емес, көбінесе іс-әрекетпен анықталуында. Мұнда балаларға деген

достық қызығушылығы мен эмоциялы көңіл аударуы, ықыласы көптеген елене бермейтін

әрекеттерден көрінеді. Сенімділік қарым-қатынастар балалардың көбірек батыл әрі

шешуші әрекеттерді істеп көруіне және осы әрекеттердің қабылданып жатқандығын

түсінуінің мөлшеріне қарай біртіндеп қалыптасады [5, 88-бет].

Баламен пікір алысып, сөйлесіп отыру. Баланы қадағалап, бақылап жүру. Кіммен

дос, бос уақытында немен айналысады, үйірмеге қызығушылығы т.б.

Шығармашылықты дамыту. Ең оңай тәсілі - сурет салу. Балаларының бойына

сенімділік, табандылық, өжеттіктің дәнін егу.

Мына сөздерді басқа сөздермен ауыстыру:

- «Сен түбінде адам болмайсың» - деген сөзді мына сөзге ауыстырыңыз: «Менің

жүрегім сезеді, сенен түбі мықты азамат(ша) шығады!».

- «Дәл осылай жүре берсең, ҰБТ – дан өте алмайсың» - «Балам немесе қызым, ҰБТ –

дан өту үшін біраз еңбектену керек, жақсы дайындалсаң оп – оңай өтіп кетесің».

- «Қолыңнан түк келмейді, ертең болашақ күйеуіңнен таяқ жеп жүресің сол» -«Қызым,бір дегеннен бәрі болмайды, ақырын-ақырын үйренесің, қазірдің өзінде

жаман емес!».

- «Сабақты жақсы оқымасаң, еден жуасың немесе аула сыпырушы боласың» - «Егер

сабақты жақсы оқитын болсаң, ертең мықты маман болып шығасың. Бәрі сенің

артыңнан жүгіретін болады».

Ата-ананың әрбір сөзі – баланың миына құйылып жатқан файлдар. Ал, негатив

файлдар адам түгілі, темір компьютердің өзін жоқ қып жібере алады.

«Менің атым Қожа» фильміндегі мына бір эпизодты есіңізге түсіріп көріңізші. Бір

аяғын сілтіп, ақсаңдай басатын ер мұғалім Оспан Рахманұлы Хадиша деген ұстазбен

сөйлесіп тұрып: «Оқушы деген қап емес ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол –

шамшырақ. Тек жаға білу керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым. Бұны өзім

ешқашан да кешірмеймін» - дейді.

Кез келген баланың шамын, шырағын жаға білу – оңай дүние емес. Баланың



шамшырағын жағу – әр ата-ананың қолында екенін ескерейік. [4].

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет