БоөЖ №2. Өңеш. Асқазан. Асқазанның нейрогуморальды реттелуі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.05.2022
өлшемі0,94 Mb.
#35504
  1   2   3
Байланысты:
БОӨЖ №2.Физиология.



medkrmu.kz
Орындаған: Жұмаш Мәулет 
Курс: 2 курс
Мамандығы: жалпы медицина
Тобы: 202 Б
Қабылдаған: Ахметова Мөлдір 
БОӨЖ №2.
Өңеш. Асқазан.
Асқазанның нейрогуморальды реттелуі


I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
1. Асқорыту жүйесі
2.Өңеш
3.Асқазан
4.Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі.
5.Ішектегі ас қорытудың реттелуі.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер


АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ



Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты ( 
азықты ) қабылдау, өндеу,қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы 
ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі 
түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік
және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі : бас 
бөлімді — ауызжұтқыншақ ( аран ), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын ( 
асқазан ), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын 
ішек ) мен ірі асқорыту бездері ( ұйқы безі, бауыр ), артқы бөлімді - жуан
ішектер ( бүйен, тоқ ішек, тік ішек ) құрайды



Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге 
айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің 
атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, 
керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада 
физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі 
дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы 
жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің 
осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу 
ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық 
реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта 
қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды
ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3-
эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.




Ауыз қуысында ұсақ талып, сілекеймен араласқан ас 
қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 
22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, 
қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге 
бейімделген. Мұнда ас қорытыл майды.
Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан 
ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туган сәбидің өңешінің 
ұзын дыгы 10 см, 5 жаста — 16 см, 15 жаста — 19 см.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет