БоөЖ №4 Кардио-васкулярлық жүйе



Дата10.04.2023
өлшемі1,15 Mb.
#81379



БОӨЖ №4
Кардио-васкулярлық жүйе
Дайындаған: Сұлтанбек З
Тобы: 201 Б
Мамандығы: Жалпы медицина
Алматы, 2022 ж

Ситуациялық есеп:

  1. Науқаста жамбас сынуынан кейін ортан жіліктің басының шіруі басталды. Немен байланысты? Анатомиялық тұрғыдан дәлелдеу

Сан сүйегі (ортан жілік) мойнының сынықтарының емі. Сан сүйегі мойнының сынығымен науқастарды оперативті емдейді, ал енген вальгусты сынықтарды және хирургиялық емге жалпы қарсы көрсеткіштері науқастарды консервативті емдейді.
Стационарда сынықтарға жергілікті анестезия жасайды, новокаин немесе лидокаиннің 2% 20,0 мл ерітіндісі көмегімен. Мойын сынықтарында анестетиктерді буын қуысына енгізеді, сан артериясынан 2 көлденең саусаққа үлкен ұршықтан жұмыр байламның ішкі және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасынан сыртқа қарай пунктирлер арқылы. Егер, операцияны бірінші күндері жасамаса, аяқтың 200 әкетілген күйінде, үлкен сан сүйегінің төмпешігіне қаңқадан тарту салынады.
Сан сүйегі мойнының консолидациясы үшін сынықтарды жақсы жанастыру және мықты фиксациялау қажет, ал бұған тек хирургиялық жолмен қол жеткізуге болады.
Сан сүйегі мойнының остеосинтезінің хирургиялық емде екі жолын қарастырады: ашық және жабық.
Ашық түрінде жамбас-сан буынының артротомиясын жасайды, жалаңаштап сынықтарды репонирлейді. Содан кейін ұршық асты аймағынан штифт қағып, осы штифт көмегімен визуальды сынықтарды біріктіреді. Жараны тігеді.Ашық және сүйекішілік әдіс сирек қолданылады, өйткені артынан айқын косаартроз, сан сүйегі мойнының жалған буыны, сан сүйегі мойнының басының асептикалық некрозы дамиды. Әдіс жарақатты.
Сан сүйегі мойнының жабық немесе буыннан тыс остеосинтез әдісі кеңінен қолданылады. Науқасты ортопедиялық столға жатқызып, жергілікті немесе жалпы анестезия көмегімен жансыздандырыпсынықтардың Уитмен бойынша репозициясын жасайды.
Сан сүйегі мойнының сынықтарының Уитмен бойынша репозициясы: аяқты 15-200-қа әкетеді, табанның қалыпты қалпына осі бойынша тракция жасап 30-400-қа ішкі ротация жасайды.
Ұршық асты аймағынан сүйеккке дейін жұмсақ тіндерді тіледі және осы нүктеден сан сүйегі мойнынан кетпей сынықтард бекіту үшін 3 лопастты штифт + дератационды винт немесе 3 спонгиозды винт салынады. 4 аптадан кейін науқас операция жасалған аяққа жүктеме түсірмей таяқ көмегімен жүруіне болады. Операциядан кейін 6 айдан соң ғана жүктемеге рұқсат. Еңбек қабылеттілігі 8-12 айдан соң қалпына келеді.
Қазіргі кезде егде адамдардағы сан сүйегі мойнының сынықтарын эндопротез көмегімен емдеу кең қолданылуда. Ол бір полюсті сан сүйегінің тек басын алмастыру, екі полюсті – басы мен ұршық ойығын алмастыру болып екіге бөлінеді.

  1. Пациентте бауыр циррозы. Кіндік айналасындағы веналардың кеңеюі байқалады. Ол немен байланысты?






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет