9 апта Практикалық сабақ №9 Тақырыбы: Теорияны дәлелдеудің құрамдас бөлігі.
Мақсаты Теоремаларды дәлелдеу әдістерімен танысып ,меңгере отырып, мектеп математика оқулықтарындағы теоремаларды дәлелдеу.
Мазмұны: Теорияны дәлелдеудің құрамдас бөлігі.
Дәлелдеу түрлері.
Дәлелдеуді үйретуге арналған есептер.
Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер.
Әдебиет: [3] 4 тарау,§4-5;
Теория — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.
Ғылыми теорияның қурылымы.
Ғылыми теориялардың классификациясы.
Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары
Ғылыми-танымдық әдістемелер.
Ғылым заңдары.
Ғылыми революциялардың ерекшеліктері
ТЕОРИЯ — ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ФОРМАСЫ. ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАР Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.
Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Гене-тикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар про-граммалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым да-муының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар тудырады.
Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.