Оныншы апта №10 Практикалық сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата12.06.2022
өлшемі25,5 Kb.
#36736
түріСабақ
  1   2   3

Оныншы апта

10 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру.


Тапсырма:
1. Білім беру әлеуметтік институт ретінде.
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. «Үйрету» түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. 
Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С. Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт — бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі» 
Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді». Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:

  • білім беруді басқару органдары;

  • білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);

  • шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;

  • оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;

  • білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;

  • журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;

  • білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие. Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.

Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет