1,Атауы: Асқазан түбі.
Бояуы: Гематоксилин-эозин
Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды.
Құрылысы: 1-асқазан шұңқырлары,2- кілегейлі қабық, а-бір қабатты призмалы эпителий, б- кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы, 3- асқазан түбінің фундальді бездері, 4-кілегейлі қабықтың бұлшықетті пластинкасы,5- кілегей асты негізі, 6-бұлшықетті қабық,7- сірлі қабық Макроскопиялык зерттеулерде асқазанда: кардиалдi, функциональдi, денесi және пилорикалык бөлiктерi, ал гистологиялық зерттеу барысында үш бөлiгi: түбі, денесі және пилорикалык бөлігі анықталған. Асқазан қабырғасында қабықтары бар, қуысты мүше. Қабырғасында кілегейлі, кілегей асты негізі, бұлшықетті және серозды кабықтары ажыратылады. Кілегейлі қабықта шұңқырлар, аймактар, қатпарлар орналасады. Асқазан шұңқырлары - кілегейлi қабық эпителиінің меншікті пластинкаға ойыс жасап енуі. Қатпарлары - асқазанның кілегейлі кабығы мен кілегей асты негiзiнiн асказан қуысына карай көтеріліп шығуы. Аймақтары - бездердің топтасып орналаскан тұстары. Асқазан бездері - қарапайым түтікшелі, тармақталмаған. Өзектерi асқазан шұңқырына ашылады. Асқазан бездерi үш бөліктен тұрады: түбі, денесі және мойыны. Асқазан бөлiктерiнде орналасуына байланысты бездер: кардиальдi, фундальдi және пилорикалық деп бөлінеді.
Орналасуы: өңештен кейінгі асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлімі, құрсақ қуысының жоғарғы сол жағында орналасады.
Қызметі: Асқазан – өңештен қабылданған асты механикалық және химиялық өңделуін, қорытылған қоректік заттарды жіңішке ішекке өтуін қамтамасыз ететін қуысты тақ ағза.
Атауы: Шошқаның бауыры
Бояуы: Гематоксилин – пикрофуксин
Бояудың түсіндірілуі: Пикрофуксинмен серпімді талшықтар сары түске, ал коллаген талшықтары – қызыл түске боялады. Жасуша ядролары гематоксилинмен күлгін-көк түске боялады. Құрылысының ерекшеліктері: 1−бауыр бөлікшесі; 2 −орталық вена вена; 3 −бауыр балкалары; 4− бөлікшеішілік синусоидті капиллярлар. Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылымқызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Бауырдың паренхимсы бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Бауыр балкалары бір-бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады.Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар өтеді.
Орналасуы: іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде
Қызметі: Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды.
Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестеринде бар, көмірсулар, минералды заттар және т.б.) алмасуына қатысады.
Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік заттарды т.б. бейтараптындырады. Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді.
Секреторлы функция –өтті бөледі. Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады.
Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп отырады.
Тосқауыл -қорғаныштық функцияны атқарады.
1 Атауы: Бүйрек.
2 Бояуы: гематоксилин–эозин. х56.
3 Бояу анықтама: Жасушалық құрылымдарды ашық көк түспен бояатын гематоксилиннің негізгі бояғыштарын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл-қызғылт түспен бояатын эозин болып табылады. Гематоксилин негізгі бояу болып саналады ол ядроны күлгін түске бояйды. Ал қышқыл эозин цитоплазманы алқызыл- қызғылт туске бояйды.
4 Құрылысы1– бүйректің дәнекер тінді капсуласы; 2– қыртысты заты; 3– бүйрек денешігі; 4– нефронның проксималды, дисталды бөлімдері; 5– милық заттың сәулелері; 6– милық заты, 7– тік өзекшелері (нефрон ілмегінің төменгі және жоғарғы бөліктері және жинағыш түтікшелер). Толық құрылымы: қыртысты және милық затты, ағзаны тыстайтын капсуланы, қыртысты және милы зат шекарасында орналасқан доға тәрізді қантамырларды көруге болады. Қыртысты заттың милы затқа, ал милы заттың қыртысты затқа өтер жеріне және оның шекарасының тегіс емес екеніне назар аудару керек. Микроскопта үлкен үлкейткішпен бүйректің қыртысты және милы зат құрылысын қарап, бүйрек денешіктерін (құрамына капиллярлар шумағы мен Боумен-Шумлянский капсуласы кіреді), проксималды иректелген өзекті, дисталды иректелген өзекті анықтауға болады. Проксималды иректелген өзекше призмалы эпителиймен тысталған, цитоплазмасы мөлдір емес, ашық қызыл 8 түске боялған, саңылауы үлкен емес және сыртқы диаметрі бойынша дисталды иректелген өзекшеден үлкен болады. Дисталды иректелген өзекше, цитоплазмасы ашық түсті мөлдір келген, текше тәрізді эпителиймен тысталған. Өзекше саңылауының диаметрі проксималды иректелген өзекшеге қарағанда үлкеңдеу. Милы затта Генле ілмегінің төмендемелі және жоғары өрлемелі бөлімдерін және жинақтаушы түтікті көруге болады.
Орналасуы: Бүйрек – құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқа тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек бел аймағында ішастардан тыс орналасқан. Сол бүйректің жоғарғы шеті ХІ кеуде омыртқасының ортасына, ал оң бүйректің жоғарғы шеті осы омыртқаның төменгі жиегіне сәйкес келеді.
Функциясы: • Экскрециялық (зәр түзу және зәр шығару); • Судың және мин.тұздардың тепе-теңдігін сақтау; • Қанның артериялық қысымын реттеу (қан тамырларын тарылтатын фермент – ренин және қан тамырларын кеңейтетін простогландин бөлу); • Қан жасау (эритропоэтин гормонын бөлу); • Қандағы түрлі ақуыздардың мөлшерін қалыпта ұстау – қанның онкотикалық қысымын реттеу; • Қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстау; • Қанның осмостық қысымын реттеу (изоосмия).
Атауы: Асқазан түбі. Бояуы: Гематоксилин-эозин Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Құрылысы: 1-асқазан шұңқырлары,2-биік призма тәрізді эпителий, 3- меншікті пластинка, 4-пилорикалық бездер, 5- кілегейлі қабықтың бұлшықетті пластинкасы, 6-кілегей асты негізі Макроскопиялык зерттеулерде асқазанда: кардиалдi, функциональдi, денесi және пилорикалык бөлiктерi, ал гистологиялық зерттеу барысында үш бөлiгi: түбі, денесі және пилорикалык бөлігі анықталған. Асқазан қабырғасында қабықтары бар, қуысты мүше. Қабырғасында кілегейлі, кілегей асты негізі, бұлшықетті және серозды кабықтары ажыратылады. Кілегейлі қабықта шұңқырлар, аймактар, қатпарлар орналасады. Асқазан шұңқырлары - кілегейлi қабық эпителиінің меншікті пластинкаға ойыс жасап енуі. Қатпарлары - асқазанның кілегейлі кабығы мен кілегей асты негiзiнiн асказан қуысына карай көтеріліп шығуы. Аймақтары - бездердің топтасып орналаскан тұстары. Асқазан бездері - қарапайым түтікшелі, тармақталмаған. Өзектерi асқазан шұңқырына ашылады. Асқазан бездерi үш бөліктен тұрады: түбі, денесі және мойыны. Асқазан бөлiктерiнде орналасуына байланысты бездер: кардиальдi, фундальдi және пилорикалық деп бөлінеді. Пилорикалық бездер меншікті бездерден бірқатар белгілерімен ерекшеленеді: сирек орналасады, тармақталған, қуысы кең, көптеген пилорикалық бездерде париетальді жасушалар болмайды. Пилорикалық бездердің соңғы бөлімдері меншікті бездердің шырышты жасушаларына ұқсайтын жасушалардан тұрады. Олардың ядролары жалпақ болып келеді. Цитоплазмасын арнайы бояу әдісімен бояғанда шырышты көріге болады. Пилорикалық бездердің жасушалары дипептидазаға бай. Орналасуы: Пилорикалық бездер асқазанның 12-елі ішекке кіреберісінде орналасады Қызметі: Асқазан – өңештен қабылданған асты механикалық және химиялық өңделуін, қорытылған қоректік заттарды жіңішке ішекке өтуін қамтамасыз ететін қуысты тақ ағза.
Атауы: Ұйқыбез Бояуы: Гематоксилин-эозин. Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Құрылысының ерекшеліктері: 1 –Ұйқыбез экзокринді бөлігінің шеткі бөлімдері, а –безді жасушалардың ядролары, б –центроацинозды жасушалардың ядролары, 2 –ұйқыбез аралшығы (ЛангергансСоболевтің аралшығы),3 –бөлікшеаралық қабатттық, 4 –бөлікшеаралық шығару түтік, 5 – қантамырлар. Ұйқы безі паренхиматозды, бөлшектенген мүше. Стромасы: висцеральді іш пердесімен бірігіп кеткен капсуладан және капсуладан тараған трабекулалардан тұрады. Бездің капсуласы мен трабекуласы БТКДТ-нен түзілген. Трабекулалары безді бөліктерге бөледі. Бездің паренхимасы — ацинустардан, секреторлы өзектер мен Лангенгарс аралшықтарынан түзіледі. Экзокринді бөлігі: күрделі альвеолярлы-түтікшелі, белокты. Экзокринді бөлімінің құрылым-қызметтілік бірлігіне ацинус жатады. Ол 8-12 экзокринді панкреатоциттерден және центроацинозды жасушалардан тұрады. Ұйқыбездің эндокринді бөлігі ұйқыбезаралшықтарымен, немесе Лангерганс аралшықтарымен ұсынылған. Аралышықтар ацинустардың аралығында орналасады.Олардың пішіндері дөнгеленген, немесе сопақша болып келеді.
Орналасуы: құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады.
Қызметі: Экзокринді қызметі. Құрамында аскорыту ферменттері бар, панкреатитті синтездеп, 12 елі ішекке бөледi, белоктарды, күрделі көмірсуларды, күрделi кантты карапайым түрлерiне, глицерин мен май кышкылдарына, нуклеазаларды нуклеопротеидтерге дейін ыдыратады. Эндокринді қызметі. Бірқатар гормондарды қанға бөледі. Инсулин - кандағы қанттың мөлшерін азайтады, глюкоген - кандағы кантты көбейтеді, соматостатин аскорыту мүшелерiнiн секрет бөлуін және жасушаларының бөлінуін тежейді, вазоинтестициальді полипептидтер (ВИП) артериалды қысымды төмендетіп, ұйқы безінің экзокринді қызметін күшейтеді, панкреатитті полипептидтер - керісінше, ұйқы безінің қызметін тежейді.
1 Атауы Несепағар
2 Бояуы: гематоксилин-эозин
3 Бояу анықтама: Жасушалық құрылымдарды ашық көк түспен бояатын гематоксилиннің негізгі бояғыштарын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл-қызғылт түспен бояатын эозин болып табылады. Гематоксилин негізгі бояу болып саналады ол ядроны күлгін түске бояйды. Ал қышқыл эозин цитоплазманы алқызыл- қызғылт туске бояйды.
4Құрылысы: 1 несепағардың кілегейлі қабығының ауыспалы эпителийі; 2 кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы; 3 кілегей асты негізі; 4 бұлшықетті қабығы: а-ішкі бойлық, б-сыртқы сақина тәрізді қабық; 5 адвентиция
5 Орналасуы: бүйректің несепшығару жолдарында орналасады.
6 Функция: рефлекторлы қызмет атқарады. Мұны реттеп отыратын қабырғасында көптеген рецепторлар бар
Атауы: Доңыздың бауыры.
Бояуы: Гематоксилин-эозин
Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды.
Құрылысының ерекшеліктері: 1 –бөлікше, 2 –бауыр трабекуласы (балкасы), 3–орталық вена, 4 –бөлікшеішілік синусоидті капиллярлар, 5 –бөлікшеаралық дәнекер тін, 6 –триада: а –бөлікшеаралық артерия, б –бөлікшеаралық вена, в– бөлікшеаралық өт түтігі. Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылымқызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Бауырдың паренхимсы бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Бауыр балкалары бір-бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады.Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар өтеді. Орналасуы: іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде Қызметі: Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды. Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестеринде бар, көмірсулар, минералды заттар және т.б.) алмасуына қатысады. Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік заттарды т.б. бейтараптындырады. Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді. Секреторлы функция –өтті бөледі. Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады. Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп отырады. Тосқауыл -қорғаныштық функцияны атқарады.
Атауы: Егеуқұйрық ұрығы
Бояуы:гематоксилин - эозин.х400 Ең көп тараған бояу әдісі. Негізгі және қышқыл бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды және көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді. а) ядролар көк-күлгін түске ие болады, б) цитоплазма - сарғыш -қызғылт түсті.
Орналасуы: ұманың тиісті жартысында орналасқан
Функциясы: сперматогенез және жыныстық гормондарының секрециясы.
Достарыңызбен бөлісу: |