Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №1 «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ бракераждық комиссия отырысының №1 хаттамасы
Күні: 29.09.2022ж
Қатысқандар: бракераж комиссия мүшелері
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Баубекова білім алушылардың тегін ыстық тамақтануы туралы құрылған комиссия мүшелерінің тексерген қорытындысы туралы айтты. Қыркүйек айында бес күннен бір мезгіл ыстық тамақпен 295 бала қамтылды. Оның ішінде 280 оқушы ЖБББ қоры есебінен, 15 оқушы мектеп асханасын жалға алушы есібенен тамақтанды. Тексеру барысында тамақ өнімдерінің және дайын тағамдардың сақталу мерзімін мектеп медбикесі Л.Шарапатова қадағалап тексеріп, арнайы бракераж журналға әлеуметтік педагогпен бірге жазып отырады. Перспективалық ас мәзірі жасалған. Аспазшы өзіне тиісті міндеттерді орындайды. Білім алушылардың тұтынуына рұқсат етілмейтін тағамдарды сатпайды және тұтынбайды. Ата-аналарға арналған бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында «Ашық есік» күні белгіленгенін айтты.
Екінші мәселе бойынша мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуі туралы әлеуметтік педагог Г.Сатан сөз алды. Ағымдағы оқу жылының қыркүйек айында аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алатын, көпбалалы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 295 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылғанын айтты. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, азпазшының сырт киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай екендігі туралы айтып өтті.
Шешімі: 1.Мектеп асханасында аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларының тамақтануы медбике, сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.
Хатшы: Г.Сатан