Ұбт қазақ тілі Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі17,71 Kb.
#142924
  1   2   3

ҰБТ қазақ тілі
1.Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Көл жағасынан құдық қазба. B) Үйінде озған – түбінде озар.
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан. D) Ақыл айтсаң – батыл айт.
2. Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.
А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес. B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.
С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі. D) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.
3. Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.
А) Ережеге сай айтылу. B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.
С) Дыбыс үндестігі. D) Буын үндестігі.
4. Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.
А) Зыт, қаш. B) Тарт, жар. С) Ор, құлат. D) Кеп, жап.
5. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
А) Тамшыдан тама-тама дария болар. B) Терең құдықтың суы тәтті.
С) Көптің құрығы ұзын. D) Көп жүрген жер көңілді.
6. Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.
А) Болатқожа, Алшағыр. B) Таңшолпан, Дәмежан.
С) Ханшайым, Зәмзагүл. D) Сәрсенбек, Ауданбай.
7. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
А) Далалық. B) Әкетай.
С) Жұмысшы. D) Орындаушылар.
8. Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.
А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың.
B) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат.
С) Атамекен, ауыл-үй, жай-күй..
D) Аққұтан, азық-түлік, кәріқыз.
9.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.
А) -тар, -лер, -паз. B) -қой, -мен, -лық.
С) -дық, -дік, -хана. D) -нікі, -ов, -тал.
10. Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.
А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
B) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жуан болып үндесуі.
С) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
D) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай ашық болып үндесуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет