Cәкен Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талау жасаңыз



Дата18.12.2023
өлшемі16,41 Kb.
#140714

Cәкен Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талау жасаңыз
Алаш арысы, репрессия құрбаны сырлы сөздің иесі Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мол. Оның сырға толы ғажайып лирикасы адамды өзіне еріксіз баулайды. Ақынның көңіл күйі лирикаларының ішінде «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Аталмыш шығармада Сәкенді не толғандырады, не күйіндіреді?
«Сыр сандық» өлеңі – астарлы жұмбақ мағынада жазылған туынды. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды.
«Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында», -
деген үзіндіден автор өз өмірінің қиын кезеңінде жанынан табылмаған айнымалы, уәдеде тұрмайтын, сырға саяз, сертке тұрақсыз адамдарды жем барда топырлайтын тауықтай көреді. Бұл – амал достық белгілері. Ал шын достықтың басты құндылығы – қуаныш пен қайғыда да досыңның жанынан табылу, яғни адалдық. Сөзіме келесі өлең жолдары дәлел бола алады. «Нағыз достар - бір-ақ қалып, Шыңдап берік сүйіскен», - деп шындығында тек адал достар ғана сыр түйінін түйісетініне көзім жетеді. Менің пайымдауымша, авторды күйіндірген сатқындық мәселесі - ақынның өмірде кездестірген достарынан алған сабағы.
Сенімді достықтың маңыздылығы – шығармада көтерілген тағы бір жайт. Абай атамыздың айтуынша:
«Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан – бәрі тұл
Доссыз ауыз тұшымас», -
яғни, өмірдің басты мәнінің бірі – риясыз достықпен өткен, адал адами татулық пен сыйластық екенін түсінемін. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізінде де достық болары ақиқат. Ақын да әрбір адам баласына сырлас жанын табуға шақырады. Менің ойымша, әр адамның бір-біріне деген достығы, жанашырлығы мол болғанда еліміздің де берекесі арта берері сөзсіз.
«Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын», -
деген өлең жолдарынан автор құздың басына шығып, сыр сандықты тек жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алатындығын ескертеді.
«Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын», -
деген өлең жолдарынан автор құздың басына шығып, сыр сандықты тек жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алатындығын ескертеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет