Циклограмма (үлгі) балабақшасы, қаласы Бірінші кіші тобы



бет1/21
Дата08.11.2022
өлшемі60,71 Kb.
#48457
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЦИКЛОГРАММА (үлгі)


«__________» балабақшасы, ________________ қаласы
Бірінші кіші тобы
Өтпелі тақырып: «БІЗ ЕҢБЕКҚОР БАЛАМЫЗ»
1-апта

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау.
Ата-аналармен әңгімелесу.

8.00-8.30

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әртүрлі ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Ойындар
(үстел үсті, саусақ және т.б )

«Менің балабақшам»
Суреттер әлеміне саяхат



«Пішіндерді орналастыр» ойыны
Мақсаты: пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастырады.

«Өз үйін тап» ойыны
Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсінік беру.

«Өз орнын тап» ойыны
Мақсаты: түстерді тануға үйрету.

Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Таңертеңгілік гимнастика
(5 мин)

Жаттығулар кешені. (Жан-жақты дамытушы жаттығуы)

Таңғы ас

8.30 – 9.00

Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың. Астарың дәмді болсын!

  • Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

09.00-09.20

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталықтары) материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-
ған оқу кестесі

9.20 – 10.00



1.Денешынықтыру
Орнынан ұзындыққа секіру. (35-40см).
Текшелерден аттап өту.
Қимылды ойын: «Гүлдерді жинайық»



1.Жаратылыстану
Тақырыбы: ««Кіп-кішкентай алқызыл гүл»
Мақсаты: Гүлдерді ажыратып, атай білуді қалыптастыру, ауладағы гүлдер мен шөптердің түстерін атау. (ауладағы және бөлмедегі гүлдейтін өсімдіктер),
Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»


2.Музыка

Сенсорика
Тақырыбы: «Түрлі –түсті гүлдер»
Мақсаты: Фланелеграфта түрлі-түсті гүлдерді орналастыру барысында «жоғары - төмен», «үстінде-астында» кеңістіктік ұғымдарын үйрете отырып жұмыс жасауға дағдыландыру.
Дидактикалық ойын: «Алаңқайды гүлдендір»


2. Дене шынықтыру
Ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру.
Нысанаға дейін еңбектеу.
Қимылды ойын: «Құмыраны толтыр»

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлін қарау»
Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдана білуге үйрету. Өсімдіктерді аялап күтуге тәрбиелеу.
Үстел-үсті ойыны: «Гүлді құрастыр» (Дьенеш блоктары)


2 Музыка



. 1.Сурет салу
Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар
Мақсаты: Жасыл түсті қағаз бетіне ақ түсті бояумен, мақталы таяқшаны қолдана отырып сурет салуға үйрету.
Ойын тапсырма: «Құмыраны құрастыр»


2. Дене шынықтыру
Допты алдарындағы доғадан домалатып өткізу.
Кеглилер арасымен қос аяқпен секіру.
Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде»

Екінші
таңертегі ас

10.00-10.20

Балалардың назарын тағамға аудару. Ас болсын балақай!

Серуенге дайындық

10.20-10.30

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет