Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Жаяу адам жүретін жолды бақылау. Мақсаты: Көшеде жүру ережелері туралы түсінік алу. Бақылау барысы: Балаларды серуенге шығару. Оларға жолда жүру ережелері туралы әңгімелеп айту, жаяу адамдар жүретін жолға назар аударту. Тротуармен қалай жүру керектігі жайлы түсіндіру. Балабақшаға келісімен,балалардан көшеде өздерін қалай ұстағандары жайлы сұрастыру. Тағы да бір рет көшеде жүру ережелерін қайталап айту. Қыс мезгілінде тротуарды қар жабады, сондықтан өте мұқият болуы керек. Еңбек әрекеті: Жолдағы қарды күрекпен тазалау Мақсаты: Көпшіліктің көмегімен тапсырманы орындай алуға үйрету. Қимыл қозғалыс ойыны: «кім алысқа?» Мақсаты: Бірінің қолынан бірі ұстап жүгіре алуға,тәрбиешінің белгісін тыңдай алуға үйрету.
Серуеннен оралу
11.30-11.50
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз шкафтарын тауып көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру.