Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Балалардың арасын алаламау



Pdf көрінісі
бет89/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101
Балалардың арасын алаламау
Бала  тәрбиесіне  қатысты  мәселелердің  бірі 
–жанұядағы  балаларды  ата-ананың  алаламауы.  Өзін 
жанұяда  артық  адам  секілді  сезінуі  баланың  психо-
логиясына  кері  әсерін  тигізеді.  Осының  салдарынан 
баланың бойында қызғаныш, дұшпандық, бойкүйездік, 
ата-анасын сыйламау деген сияқты бірқатар жағымсыз 
мінездер қалыптаса бастайды. Кейде бала өзін қор са-
нап,  өзіне  деген  сенімін  жоғалтады.  Тырнақ  тістелеу, 
бұтына  жіберіп  қою  секілді  әдеттерге  бой  алдырады. 


205
Тәрбие ұстанымдары
Осылайша баланың тәрбиесі теріс арнаға түседі. Мұндай 
олқылықтарға  жол  бермеу  үшін  Пайғамбарымыз 
сахабаларға:  «Балаларыңды  бөліп-жармай,  теңдей 
көріңдер»
238
, – деп өсиет айтқан. Бір хадисінде: «Сенің 
балаларыңның алдындағы міндеттеріңнің бірі – олар-
ды алаламау»
239
, – деп ата-ананың міндеттері арасына 
балаларды алаламауды да қосқан. 
Бір  күні  бір  кісі  Пайғамбарымыздың  қасында 
отырған  кезінде,  жанына  ұлы  келеді.  Әлгі  кісі 
ұлының  бетінен  сүйіп,  оны  алдына  отырғызады. 
Сәлден кейін қызы келеді. Қызын да шақырып, алды-
на  отырғызады.  Бірақ  оның  бетінен  сүймейді.  Осыны 
байқаған  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
:  «Екеуін 
теңдей  көрмейсің  бе?»  –  деп  ескерту  жасайды
240

Пайғамбарымыздың осы айтқан сөздерін талдай келіп, 
мұсылман ғұламалары «балалардың арасын алаламай, 
тіпті  олардың  бетінен  сүйген  кезде  де  осыны  ескеру 
керек»  деген  пікірлер  айтқан.  Алғашқы  мұсылмандар 
Пайғамбарымыздың  өсиеттеріне  мойынсұнып,  бала-
ларды алаламауды діни парыз деп қараған. 
Құранда Аллаһ тағала надандық дәуірдегі қыз ба-
ланы төмен санау секілді алалаушылықты сынап былай 
деген: «Егер олардың біреуіне «қызың туылды» деген 
сүйінші хабар жетсе, ашудан жүзі түнеріп кетеді. Ха-
барды естісімен әйелінің де, жақындарының да көзіне 
түскісі  келмейді.  Қағылып-соғылып  қорлықта  жүре 
берсін деп тірі қалдырсам бе екен, жоқ әлде топыраққа 
көміп  тастасам  ба  екен  деген  ойға  барады.  Мұқият 
238
 Әбу Даууд, (3544. Х.).
239
 Мүснәд, 4/269.
240
 Мәжмауз-Зәуаид, 8/156.


206
Исламдағы бала тәрбиесі
көңіл бөліңіздер, қабылдаған бұндай шешімдері қандай 
жаман шешім еді?!»
241
. 
Сахабалар Аллаһ тағаланың үкіміне мойынсұнып, 
балаларының арасын ұл-қыз деп бөліп-жармай бәріне 
тең қарады. Олар осы істе өздеріне Пайғамбарымызды 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  үнемі  үлгі-өнеге  тұтатын. 
Пайғамбарымыз  аналардың,  қалыңдықтардың,  қыз 
балалардың  өздеріне  тән  жақсылықтарын  тілге  тиек 
етіп, үмбетін оларды құрметтеуге шақырды. Тіпті бір 
хадисінде:  «Базардан  қайтқанда  үйлеріңе  алып  кел-
ген  базарлықтарыңды  үлестіруді  қыз  балаларыңнан 
бастаңдар» – деп, қыз баланың психологиясын ескеріп, 
нәзік  жанын  жараламау  үшін  оларды  бірінші  кезекке 
қойған. 
Бауырлардың арасында жиі кездесетін әдет – біреуі 
бір нәрсе сұраса, екіншісінің де соны талап етуі. Осы 
жағдайда  да  Пайғамбарымыз  балалардың  арасында 
әділдікті сақтау үшін  бірінші болып  сұраған  баланың 
өтінішін бірінші кезекте орындаған. 
Бір күні Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 қызы 
Фатиманың (р.а.) үйіне қонады. Түнде үлкен немересі 
Хасан  су  сұрайды.  Артынша  Хұсейін  де  су  ішкісі 
келгенін  айтады.  Сонда  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)
  суды  бірінші  Хасанға  береді.  «Сірә,  Хасан-
ды  артығырақ  жақсы  көресіз-ау»,  –  деген  қызына, 
«Жоқ,  бірінші  болып  Хасан  сұрамады  ма?»,  –  дейді. 
Пайғамбарымыздың  бұл  әрекеті  де  ата-аналар  үшін 
нағыз әділдікке үндейтін тәсіл. Себебі, бұндай жағдайда 
аналар кіші балаға жаны ашып, бірінші соның жағдайын 
ойлап жатады. Бұл болса, үлкен балада реніш тудырып, 
241
 «Нахл» сүресі, 58, 59-аяттар.


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет