Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет1/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101


Құдайберді Бағашар
ИСЛАМДАҒЫ
 
БАЛА ТӘРБИЕСІ
Алматы 2011


УДК 297
ББК 86.36
Б 13 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  
сараптау комиссиясы мақұлдаған
 
Бағашар Қ.
Б 13   Исламдағы бала тәрбиесі – Алматы; 
 
“Көкжиек-Б” баспасы, 2011. – 228 бет.
 
ISBN 978-601-7271-25-1
 
 
Қолдарыңыздағы  еңбекте  бала  тәрбиесінің  мұсыл-
мандық бастаулары қамтылған. Дәлірегі, кітапта қалыңдық 
таңдау  мен  жанұя  құрудың  мән-маңызы,  ұрпақ  тазалығы, 
сәби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-жоралғылар, 
баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері және 
мұсылмандық тәрбиенің мәйегі мен негіздері баяндалады. 
 
Еңбек бала тәрбиесіне жауаптылықпен қарайтын барша 
оқырман қауымға арналған. 
УДК 297
ББК 86.36
 
ISBN 978-601-7271-25-1
© “Көкжиек-Б” баспасы, 2011


3
Кіріспе
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі. 
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп  ой  өлкесі,  −  деп  кемеңгер  Абай  ақын 
өлеңмен өрнектегендей, перзент сүю – адамзат тарихы-
мен бірге жасасып келе жатқан ең бір хикметті құбылыс, 
әр ата-ананың жан қалауы. Өйткені, бала − өмірдің сәні, 
отбасының  шаттығы,  Құдай  тағаланың  берген  сыйы, 
аманаты. Шал ақынның «Босағасын алтыннан соқсаң-
дағы, Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас» деуі де 
осыдан шығар. 
Зарығып  күткен  перзенті  дүниеге  келгендегі 
Мұқағали  ақынның  тебіренісі  әрбір  жанның  ұрпақ 
сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей:
Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң − қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң − ұлы бір мұрадайсың. 
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Шындығында, баланың шыр етіп өмірге келуі − зор 
қуаныш.  Дана  қазақ  тоғыз  ай  құрсақта  жатқан  сәбиді 
шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. 


4
Исламдағы бала тәрбиесі
Бесік  жырымен  әлдилеген,  алақанға  салып  аялаған. 
Тәрбиесіне  жауаптылықпен  қараған.  Бойына  жақсы 
қасиеттер  сіңіруге  тырысқан.  Өйткені,  «ұрпағымен 
мың жасайтынын» жақсы білген. 
Иә, жаңа туылған сәби тап-таза, ақ парақ секілді. 
Оған не жазылатыны, қалай жазылатыны ата-анасына 
байланысты. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі − қай кезде де 
ең өзекті тақырып. 
«Тәрбиә»  –  арабтың  сөзі.  «Көктету,  өсіру,  жетіл-
діру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Мағжан  Жұмабаев  
«Педагогика» атты еңбегінің алғысөзінде адамның басқа 
жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін 
былай деп білдірген екен: 
«Жер  жүзіндегі  басқа  жан  иелерімен  салыстыр-
ғанда,  адам  баласы  туғанда  өте  әлсіз,  зағип,  осал  бо-
лып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың 
балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. 
Ал адам баласы − туғанда іңгәлаған айғайы мол бір ке-
сек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы 
тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте 
әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, 
жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны 
тәрбие қылмай болмайды».
Тәрбие  кешенді  түрде  жан-жақты  қолға  алынуы 
тиіс. Алайда тәрбиенің өзегін қайдан алу керек? Кемел 
тәрбиені қайдан табамыз? Қала берді, тәрбие берудегі 
мақсатымыз не болуы тиіс? Тәрбиеден не күтеміз? 
Бұл  мәселеге  аталмыш  еңбегінде  М.Жұмабаев 
төмендегідей жауап айтады:
«Тәрбиеден  мақсұт  −  адамды  һәм  сол  адамның 
ұлтын,  асса,  барлық  адамзат  дүниесін  бақытты  қылу. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет