Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Тарих факультеті Тарих және дінтану кафедрасы.
Тақырыбы: Австралия мен Океания халықтарының орналасуы мен этникалық құрамы.
Австралия мен Океания халықтарының материалдық және рухани мәдениеттері.
Дайындаған: Байқұлова А.
Австралияның климаты тропикалық, субтропикалық, қоңыржай болып келеді. Тек оның шығыс және орталығында шөлді дала кездеседі. Олардың көлемі онша көп емес. Австралияда өзен мен көлдер көп емес.Ондағы ең үлкен өзен-Муррей-Дарлинг. Одан басқа да Виктория Орд, Балонн, Барку т.б. өзендер бар. Өзендері онша ұзын емес. Олардың көпшілігі жаңбыр аз жауған кездері құрғап өқалады. Бұл жердегі Үлкен-кішілі көлдердің жалпы саны 763-ке жетеді Австралияда жануарлар әлемі де онша көп емес. Жергілікті жануарларда: кенгуру, вомбат(кеміруші), коал(қалталы аю);құстардан: тауық, эмо түйеқұсы, лира-құсы және т.б.Әртүрлі құрт-құмырсқалар, жабайы ара, бал құмырсқасы, қоңыз, балықтар, омыртқасыздар жергілікті австралиялықтар Жер бетіндегі қыбырлап жүрген осы жан-жануарлардың бәрін тамақ етеді. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеушілердің нәтижесінде Авсралияның жерасты байлықтарының көп екені байқалып отыр. Бұл құрлықтың: тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ , уран, темір, мыс, қалайы, хром және т.б. кен көздері бар. Австралиялықтардың ата-бабалары бұл құрлыққа қайдан және қашан келген? Бұл мәселеге Австралия мен мұхитты ерттеген әр елдің ғалымдары бұл жөнінде көптеген пікірлерін қалдырған. Солардың бірі ол 1819-1821 жылдары антарктикалық экспедициясына қатысқан орыстың ғалымы И.М. Симонов. Бұл кісі австралиялықтардың ата-бабалары индиялықтардың төменгі кастасынан шыққан болу керек деген болжау айтады. 1847 жылы ағылшын антропологы Дж. Причард австралиялықтарды зерттеп, олар ертедегі мұхиттық аборигендердің қалдықтары болу керек деген пікірді білдірген. 1870 жылы әйгілі орыс ғалымы , саяхатшы Н.Н. Миклухо-Маклай да бұл құрлық халықтарының арасында болып, тұрғындардың тұрмыс мәдениетімен танысады, ғылымға керекті деректер жинайды. Н.Н. Миклухо-Маклай Австралияның көп жерлерін аралап, аборигендердің антропологиялық және тұрмыс жағынан біркелкі екенін байқаған. Австралиялық нәсілдің негізгі белгілері: түсі қара-қоңыр, шүаштары бұйра, беттері мен денелерінде түк көп өспейді, мұрындары жалпақ, жақ сүйектері қусырыңқы, бойлары ортадан жоғары. Бұл айтылған антропологиялық белгілерді австралиялықтардың басым көпшілігінен байқауға болады. Тасмандықтардың пайда болуы өте нашар зерттелінген. Антропологиялық жағынан тасмандықтар меланезиялықтарға ұқсас. Австралиялықтардың шаруашылығы- күн көріп, тіршілік етуге бейімделінген. Олар аң аулап, құрт-құмырсқа , өсімдіктердің дәндерін жинап және теңіз жағалаулары мен көлдерден балық ұстаған. Аңшылық аборигендердің өміріндегі басты кәсібі болып табылады. Негізгі құралдары: найза, найзаны лақтыруға қолданылатын темірдер істелінген атқы тақта, бумерангтар. Осы құралдардың жәрдемімен австралиялықтар жердегі жүретін аңдарды ғана емес, ұшқан құстарды да ұстай берген. Кенгурудан кейінгі үлкен аңдардың бірі- эмо түйеқұсы. Ол- өте жүйрік құс. Бірақ эмоны аборигендер алдап ұстайды. Австралиялықтар жоғарыда көрсетілген ірі аңдармен қоса інді мекендеуші, бауырымен жорғалаушыларды да аулаған. Олады көбінесе әйелдер мен балалар ұстаған.
Мелонезия (гректің «мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған.Мелонезияда папуастар мен милонезиялықтар тіршілік етеді.Олар өздерінң нәсілдік белгілері бойынша австронегроидтыққа жатады
Микронезия – грекше «микро» «кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар жиынтығы.океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар
Микронезия – грекше «микро» «кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар жиынтығы.океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар