Даналық ойдан дән ізде! Ішкі үрейден құтқаратын жақсы бір амал – әрдайым харекетте болу. Абай хакім айтады: «Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт»



Дата11.10.2024
өлшемі15,17 Kb.
#147800
Байланысты:
Даналық ой


Даналық ойдан дән ізде!

  1. Ішкі үрейден құтқаратын жақсы бір амал – әрдайым харекетте болу. Абай хакім айтады: «Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт», – дейді.



  1. «Уа, бауырым, тәнің ет пен сүйектен құралған. Бұл ерекшелік жануарларда да бар. Бірақ сен ой арқылы тіршіліктің басқа сатысына өтесің. Егер ой-санаң гүл болса, гүлзардасың. Яғни, дүниенің жұмағындасың. Ал тікен болса, жаһаннамның томарысың». (Мәулана)



  1. «Гүл қоқыста болса да, жайқалып өседі. Жұпар иісімен айналасына көтеріңкі көңіл сыйлайды. Ол өсу үшін кең даланы, құнарлы жерді, таза ауаны күтпейді». (Қ.Жолдыбай)



  1. Көпшілік ғалымдардың креативті дүние тудыра алмауы – олардың ойланбауы емес, керісінше ойлауды бір мезет тоқтатып, кідіріс жасауды білмегендіктерінен. (Экхарт Толле)



  1. Бүкіл халықтың тәрбиесі – әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананы көрген бала қандай болмақ?! Күңкілшіл күңнен ер мінезді, кең пейілді азамат қайдан тусын?! Күңнен құл туады емес пе?! (М.Дулатұлы)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет