Даналық ойдан дән ізде! Ішкі үрейден құтқаратын жақсы бір амал – әрдайым харекетте болу. Абай хакім айтады: «Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт»
Даналық ойдан дән ізде! Ішкі үрейден құтқаратын жақсы бір амал – әрдайым харекетте болу. Абай хакім айтады: «Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт», – дейді.
«Уа, бауырым, тәнің ет пен сүйектен құралған. Бұл ерекшелік жануарларда да бар. Бірақ сен ой арқылы тіршіліктің басқа сатысына өтесің. Егер ой-санаң гүл болса, гүлзардасың. Яғни, дүниенің жұмағындасың. Ал тікен болса, жаһаннамның томарысың». (Мәулана)
«Гүл қоқыста болса да, жайқалып өседі. Жұпар иісімен айналасына көтеріңкі көңіл сыйлайды. Ол өсу үшін кең даланы, құнарлы жерді, таза ауаны күтпейді». (Қ.Жолдыбай)
Бүкіл халықтың тәрбиесі – әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананы көрген бала қандай болмақ?! Күңкілшіл күңнен ер мінезді, кең пейілді азамат қайдан тусын?! Күңнен құл туады емес пе?! (М.Дулатұлы)