Дауысты фонемалар (вокализм) туралы. Дифтонг туралы Орындаған: Кенжетаева Ж. У



Дата18.02.2022
өлшемі25,68 Kb.
#25887

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

өСӨЖ№5



Тақырыбы: Дауысты фонемалар (вокализм) туралы. Дифтонг туралы

Орындаған:Кенжетаева Ж.У.

Топ:ҚтӘ-201

Тексерген: Тәшпенова Қ.Е.

Ақтөбе,2021

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған. Дегенмен қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөнінде әлі күнге дейін бірізділік болмай келеді. Бұл қазақ тілінің дыбыстық құрылымына, буынға, т.б. кейбір мәселелердің шешілуіне қиындықтар туғызып тұр.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонов, т.б. зерттеушілердің еңбектерінен табуға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ.

Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», – деп анықтайды да, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, сөздің жіңішке айтылатынын ескертеді. Яғни, ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген. Осылай қорытсақ, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйексінде 9 дауыстыны атайды: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.

Латын жазуына көшкенде бұл дауыстылар жеке‑жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан‑жіңішке, ашық‑қысаң, еріндік‑езулік түрлеріне жіктелді.

Белгілі ғалым құдайберген Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Автордың «Қазақ тілі грамматикасында» (1936ж.) бұлар қосынды дыбыстар қатарына енді. 1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылдаған қаулысы бойынша қазақ алфавитіне жаңадан в, ф, х таңбалары еніп, дауыстылардың қатарына и, у дыбыстарын қосып, 11-ге жеткізді.

1940 жылы кириллицаға көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға деп қойылғандықтан, дауыстылардың саны ұлғайып, 14-ке (э, ю, я әріптері қосылды) жетті.

1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» Мәулен Балақаев 13 дауыстыны көрсетеді (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, э (ә), ю, я, у, и ).

1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» атты академиялық жинақтаакадемик Ісмет Кеңесбаев қазақ тілінде 11 дауысты дыбыстың бар екенін, оның тоғызы монофтонг, екеуі (и, у) дифтонг деп көрсетеді. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі лингвист Кәкен Аханов 1973 жылы жарық көрген «Тіл біліміне кіріспе» атты оқулығында қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын қуаттайды.

Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлдер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Әлімхан Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.

Тілші Сапархан Мырзабеков қазақ сөздерінің құрамындағы и,у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысы екі дыбыстың (ұу, үу, ый. ій) қосындысы екенін айтады.

 

Азіргі дауыстылардың классификациясы

Қазіргіге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты дыбыс бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, у.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстылар: а, ә, ы, і, ұ, ү; құранды дауыстылар: е, и, о, ө, у.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

Тілдің қатысына қарай:

Жуан; а, ы, о, ұ, э, у, и;

Жіңішке: ә, е, ө, ү, і, у, и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды.

Еріннің қатысына қарай:

Еріндік: о, ө, ұ, ү, у;

Езулік: а, ә, е, и, ы, і, э.

Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады.

Жақтың қатысына қарай:

Ашық: а, ә, о, ө, е, э;

Қысаң: ұ, ү, у, ы, і, и.

Ашық дауыстыларды айтқанда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жақ барынша төмен түседіде, қысаңдарды айтқанда, екі жақ бір‑біріне жақындай түседі.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:

Ашық: а, ә;

Қысаң: ы, і, и, ұ, ү, у;



Жартылай ашық: о, ө, е.

Ал о, ө, е дауыстыларын Ә.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет