Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы «Мектепке дейінгі білім беру технологиялары»



бет1/7
Дата21.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#120341
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
«Мектепке дейінгі білім беру технологиялары» пәні
Кумарова Мадина
Жаңа технологиялар
Деңгейлік саралау технологиясы.
Ойын технологиясы
Проблемалы оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары
Модульдік оқыту технологиясы
Презентациялар технологиясы.
Дамыта оқыту технологиялары
Өзіндік дамыту технологиясы
Альтернативті технологиялар
Жеке пәндік педагогикалық технология
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Жекелеп оқыту технологиясы

Жаңа технологиялар ішінде

Жаңа технологиялар ішінде

деңгейлеп-саралап оқыту

технологиясы маңызды орын

алады.

Осы технологияны 3 ғалым

ізденіп, зерттеген. Олар: Н.П.Гузик,

Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар.

Деңгейлеп оқыту идеясының

авторы Н.П.Гузик сыныптағы

оқушыларды да, соған сәйкес оқу

бағдарламаларын да А, В, С – үш

деңгейге бөлуді ұсынады.


Ж.Караев
Н.П.Гузик
Г.Ғ.Еркибаева
«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.
«В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет