Оқушылардың танымдық белсенділігін жобалау технологиясы негізінде дамыту



бет1/11
Дата02.06.2022
өлшемі278,24 Kb.
#36205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оқушылардың танымдық белсенділігін жобалау технологиясы негізінде дамыту
МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ..........................................................................................................




1

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................





1.1

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «танымдық белсенділік» ұғымының зерттелуі.......................................................................................





1.2

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызы......................................................




2

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР........................................





2.1

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділік деңгейін анықтау............................................................................................................



2.2


Оқыту үрдісінде жобалау технологиясын қолдану және нәтижелерін талдау...............................................................................................................







ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................



КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасырда оқытудың тиімділігі оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушысының танымдық белсенділік деңгейіне тікелей байланысты екендігі айқын бола бастады.


Ғылыми-техникалық революция кезеңінде ғылыми білімнің қарқынды өсуін және олардың өндіріс пен өмірге кеңінен енгізілуін байқауға болады, мектептің алдында өз түлектерін берік білім жүйесімен қаруландыру және өз бетінше жұмыс істей алу дағдысын толықтырып, танымдық қабілеттерін дамыту міндеті тұр.
Қазіргі уақытта мектептерде мұғалімнің маңызды міндеті бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық дамуы, сондай-ақ белсенділікті, бастамашылдықты, дербестікті дамыту – бұл өмір талабы.
Ғалымдар танымдық белсенділікті "оқушының мазмұны мен оқу үрдісіне деген көзқарасынан, оңтайлы уақыт ішінде білім мен іс-әрекет тәсілдерін тиімді игеруге деген ұмтылысынан, оқу-танымдық мақсатқа жету үшін адамгершілік-ерік күштерін жұмылдырудан көрінетін іс-әрекеттің сапасы" деп анықтама береді.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта- ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде психологиялық анықтамаларда көптеген тұжырымдамаларға ие. Танымдық белсенділік мәселесіне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Даншов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шашова, Г.И.Щукина және тағы басқа.
Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды. Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық белсенділікті дамытуда жобалау әрекетін ұйымдастырудың маңызы зор. Дегенмен, жобалау әрекеті арқылы танымдық белсенділікті дамыту мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде қарастырылмауы зерттеу тақырыбымызды «Оқушылардың танымдық белсенділігін жобалау технологиясы негізінде дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет